Get Mystery Box with random crypto!

Қойылсам ба нүктесі боп өзім жазған шимайдың, Умаждалған ойлар | Жүрегіме үңілсем... 💓

Қойылсам ба нүктесі боп өзім жазған шимайдың,
Умаждалған ойларымнан жер үстіне сыймаймын.
Сүттей күнім текке ұрланар,
Бәрін тастап кеткім де бар,
Бірақ Сізді қимаймын.

Қойыртпақтау батпақ жағып сөгіңізші, даттаңыз,
Уыз қыздың көңілін де, қабағын да бақпаңыз.
Қалжырадым, кем-ді күшім,
Айтайын ба? Ең дұрысы -
Сізге деген махаббаттан сақтаңыз!

(Ботакөз Бексары)

#ескіөлеңекен