Get Mystery Box with random crypto!

БАҚЫТТЫ БОЛ

Telegram арнасының логотипі baqytty_bol — БАҚЫТТЫ БОЛ Б
Telegram арнасының логотипі baqytty_bol — БАҚЫТТЫ БОЛ
Арна мекенжайы: @baqytty_bol
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 195
Арнадан сипаттама

бақытқа жетелейтін жол іздеуші
картинкалар: @the_365

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-02-01 16:50:17 Егер жалғыз қалып намаз оқысаң өз-өзіңе айтып қой...

Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарын тауық жер шоқыған сияқты тез-тез оқиды.
Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарының сүннеттерін оқымай, тек парыздарын ғана оқи салады.
Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарын қаза қылып оқиды, жинап оқиды.
Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарында қысқа-қысқа сүре оқи салады, имам болса ұзақ сүрелер оқып өзін көрсетеді.
Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарындағы рукуғ пен сəждені шала жасай салады.
Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарынан кейін тасбих тартпай, дұға етпей бірден тұрып кетеді.
Екіжүзді адам жалғыз қалса, намаздарын оқығанда "Мені адам көріп тұрған жоқ" деп, қалай болса солай оқи салады....деп!

Намазды жамағаттың арасында қалай оқысаң, жеке қалғанда да солай оқы. Тіпті одан да ұзақ оқы... Алла көріп тұр!
1.5K views13:50
Ашу / Түсініктеме
2020-10-29 16:19:26 ӨЗ ҮЙІНДЕ ТАБА АЛМАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚТЫ...

Бір көгалға жас жігіт келіп, су ішіп алған соң, бұлақ жанында демалып жатқан ақсақалдан сұрайды:
– Мұнда қандай адамдар тұрады?
Ақсақал өз кезегінде жас жігіттен:
– Ал сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? – деп сұрайды – Жаман ойлары көп өзімшіл адамдар, деп жауап қатады жігіт.
– Осы жерден де ондай адамдар табылады, – деп жауап береді қарт.

Сол күні, басқа жігіт бұлаққа келіп шөлін қандырып, қартпен амандасып, сұрайды:
– Мына жерде қандай адамдар тұрады?
Қарт жауап берудің орнына сол сұрақты өзіне қояды.
– Ал, сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді?
– Керемет адамдар, адал, қонақжай, мейірман.
Маған олармен қоштасу ауыр болды.
– Ондай адамдарды сен осы жерден де
кездестіресің, деді қарт.
Екі әңгімені де естіген бір адам:
– Сен бірдей екі сұраққа қалайша әр түрлі жауап бердің?
Оған қарт былай деп жауап берді:

«Біздің әрқайсысымыз жүрегімізде не болса, сырттан да соны көреміз. Өз үйінде таба алмаған жақсылықты, ешкім сырттан, осы жерден немесе басқа жерден таба алмайды».
2.2K views13:19
Ашу / Түсініктеме
2020-09-06 22:06:11 Кейде адамдардан күтпеген нәрсе шығады. Сіздерге бір оқиғаны баяндап берейін. Бұл оқиға Белам ибн Баура жайлы.

Муса (а.с.) кезінде өмір сүрген, Мусаның (а.с.) ұрпағы, яғни Бәни Исраил қауымынан, Кенан өлкесінде өмір сүрген. Сол уақытта Мұса (а.с.) Кенан өлкесін жаулап алуға келеді. Кенан өлкесінде өмір сүретіндерді "Жаббарилер" деп атаған. Өлке тұрғындары не істейміз деп Белам ибн Баураға келіп, "сен үлкен әулиесің" деп әңгімесін бастайды.

Имам Ғазали Белам ибн Баура жайлы: "Аспанға қарағанда арғы жағын көретін еді" деп сипаттаған. 12000 шәкіртке діни білім үйреткен үлкен ғалым кісі болған. Және де жасаған барлық дұғалары қабыл болған ( Исми-Ағзамның хикметіне ие еді ).

Адамдар келіп Белам ибн Баураға: "Мұсаға (а.с.) теріс дұға жаса, біздің өлкеге келмесін" деп өтініш білдіреді. Белам ибн Баура оларға: "Естеріңнен адастыңдар ма? Алланың пайғамбарына теріс дұға жасала ма?" деп кері қайтарады. Осы ниетпен халық бірнеше рет келеді, және әр келгенінде сыйлық алып келетін болған. Белам ибн Баура еш көнбейді. Соңында: "Жарайды, сендер үшін истихара оқып көрейін" деп айтады. Түсінде: "Алланың пайғамбарына ешқашан теріс дұға жасаушы болма" деп ескертіледі.

Халық Беламның көнбейтініне көзі жеткен соң, басқа жолын қарастырып көреді. Ойлана келе, әйеліне барайық деп шешеді.

Әйеліне барып таудай алтын беріп, көндіруін сұрайды. Әйелі Белам ибн Баураның жан-жағынан айтып, алтындарды көрсетіп, ең соңында көндіреді. Белам: "Жарайды, теріс дұға жасаймын" деп тауға қарай бет алады. (Ол кездері дұғаны тауда жасайтын болған). Есегіне мініп жолда кетіп бара жатқанда жолда есегі 3 рет тоңқып, жүрмей қояды. 4 іншісінде есекке тіл бітіп, "Алланың пайғамбарына теріс дұға жасама" деп сөйлейді. Белам: "сен не білесің" деп ұрып, таудың басына жетеді.

Таудың басында халық күтіп тұр екен. Белам қолын жайып, Мұсаға теріс дұға бермекші болып:

"Я раббым, Мұсаны қорға, мына халықты жоқ қылып жібер" деп дұға жасайды. Халқы: "Белам сен не айтып отырсың, саған таудай алтын бердік, сен бізге теріс дұға жасап жатырсың" деп айтады. Белам: "мен негізі Мұсаға теріс дұға берейін деп айтқам деп тағы да:

"Аллаһым, мына қауымды жермен-жексен ет, Мұсаны өзің сақта" деп дұға етеді. Сол кезде Белам: "Алланың атымен ант етейін, Алла менің тілімді басқарып жатыр. Мұсаға (а.с.) теріс дұға жасатпай жатыр деп айтып, тілі түсіп, қарнына дейін түсіп, иттің тіліндей салбырап қалады". Сол кезде "Алланың атымен ант етейін, Беламның дүниесі де, ақыреті де құрыды" деп айтылады.

Кейбір тәпсіршілердің айтуынша Ағраф сүресінің 175-176 аяттары осы оқиғаны баяндайды.

"Мұхаммед (ғ.с.) оларға (Яһудилерге) берген аяттарымызды сиырылып, шайтанларға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір." 7:175

Егер қаласақ, аяттарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсініне ерді. Сонда оның мысалы: егер оған тап берсең ле тілін салақтатып, не оны қойып қойсаңда тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. Мұхаммед (ғ.с.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. 7:176
2.2K views19:06
Ашу / Түсініктеме
2020-09-04 16:41:30 АЛЛА МА, АЛЛАХ ПА?

Достарым, ақиқаты осы, ақиқаттан ақымақ қана қашады.

Төлеби Оспан

Бүгінде екінің бірі дін туралы әңгіме айтқысы келсе АЛЛАХ деп сөйлейді. Тіпті, қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішкен ақындар да АЛЛАХ деп көсіліп жүр. Блогерлер де осылай айтады. (Енді олар үлкендерден естігенін айтады да). Құрметті әлеуметтік желінің жұлдызы болып жүрген азаматтар (ақындар, аяқ асты психолог болып кеткендер мен блогерлер)! Сіздерді қаншама адам тыңдап отыр. Тыңдаушыларыңыз сіздің әрбір әрекетіңізді қайталайды. Сол себепті, әрбір сөзіңізге мән беріңіздер. Әсіресе, айтатын әңгімелеріңіз таусылып қалса, құран мен хадистен жұлмалап шат-пұтып уағыз айтудың қажеті жоқ. Сосын "АЛЛА" сөзін қолданғанда "АЛЛАХ" деп қолданбаңыздар. Бұл ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ жасалған қиянат. Сосын АЛЛАХ деп қолдану АЛЛА сөзінің араб тіліндегі түп нұсқасына сай келмейді.

Бүгінде айтыскер ақындарымыз тікелей эфирлерінде "аллах" деп қолдануы қынжылтады. Басқасын былай қойғанда олар ондай қателікке бой алдыртпауы керек еді. Тіл тазалығын сақтаулары керек еді. сондай-ақ, өзіміздің имам әріптестерімізді де осыған мән беруге шақырамын. Қазақ тілі - бай тіл. Қазақ тілі - рухани тіл. өз тілімізбен мақтанайық.

Осы тақырыпқа қатысты әріптесім, бауырым Қанат ЖҰМАҒҰЛ дың постың назарларыңызға ұсынамын:

''Алла'' ма, әлде ''Аллаһ'' па, қайсысы дұрыс? (Фб-да соңғы уақытта орын алған пікір-таластан туған ой)Бұл сұрақтың дұрыс жауабына жету үшін, алдымен араб тілінде ''الله'' сөзі ''Алла'' деп дыбыстала ма, әлде ''Аллаһ'' деп дыбыстала ма, соны анықтайық.Біз ''Аллаһ'' деп айтқанда, сөздің соңындағы ''һ'' әрпі ''х'' әрпіне өте ұқсас дыбысталады. Яғни, ''Аллаһ'' десек те, ''Аллах'' десек те, айырмашылық байқалмайды.Ал арабшада ''ه'' әрпі тамақтың ең төменінен шығады, әрі нүктелі ''خ'' әрпі сияқты тамақты қырмайды және нүктесіз ''ح'' әрпі сияқты жаңғырмайды. Ол әріп тамақта ешқандай кедергіге соқтықпай, ауа шыққандай таза шығады.Қазақтың ''һ'' әрпі арабшадағы ''ه'' әрпін білдіре алмайды. Себебі, біздегі ''қаһарман, гауһар, жауһар'' сөздерін дауыстап айтып көріңізші. Сосын ''хат'' деген сөздегі ''х'' әрпімен алмастырып, ''қахарман, гаухар, жаухар'' деп айтып көріңіз, айырмашылық өте аз, тіпті байқалмайды.Демек, біз ''Аллаһ'' десек, бұл сөз ''الله'' деп емес, ''اللاخ'' деп дыбысталады. Ал бұл дұрыс емес.

Енді біреу айтуы мүмкін: Мен ''Аллаһ'' дегенді дәл арабшадағыдай дыбыстаймын, деп.Енді осылай деген кісі мына сөздерді қалай оқиды екен: ''Аллаһты, Аллаһқа, Аллаһтың''Әрине бұл сөздер ''Аллахты, Аллахқа, Аллахтың'' деп оқылады. Әлде ''Аллаһны, Аллаһа, Аллаһның'' деп өзбекше еки татарша оқиды ма?Араб тілінде ''ه'' әрпі болар-болмас, өте нәзік оқылады. Жоғарыдағы сөздердің орнына ''Алланы, Аллаға, Алланың'' деген сөздерді қолдану тілге өте жеңіл.Әрі ''Алла'' сөзі ''الله'' сөзіне әлде қайда жақын дыбысталады. Аз да болса, арабтарды көрген, сөйлескен, аудармашы болған адам ретінде бұл пікірді сеніммен айта аламын.Әрі ''Алла'' десең, Пугачеваның есіміне ұқсап қалады деген уәж де негізсіз. ''Алла'' деп келгенімізге қанша ғасыр болды? Алла Пугачева кешегінің, бүгінгінің адамы емес пе? Ұқсап кетеді деп әр көлденең аттының есіміне бола, өзгерте берсек, неміз қалады?!»



Айгүл Елшібаева
Фейсбуктегі парақшасынан

Осы орайда Қазақстан Мүфтияты "Алла" сөзінің жазылуын нақтылағанын айта кетуіміз керек. Ол туралы мазһаб.кз сайты 2019 жылы шілде айында хабарлаған болатын.

Алланың есімдеріне «тағала» сөзін қосып «Алла Тағала», «Хақ Тағала», «Құдай Тағала» және осы сынды тіркестерді журналистер қауымы жиі қолданатыны рас. Бірақ Жаратушының сипаты ретінде қосарлана жүретін «тағала» сөзі бір жерде кішкене, бір жерде бас әріптермен кетіп жатады. Сонымен қатар, бір басылымдарда Құдай Тағаланың есімі «Аллаһ» болып, басқа басылымдарда «Алла» күйінде қолданылып жүр. Осыған орай, ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесі арнайы шешім шығарды. Енді "Алла" сөзін "һ" әрпінсіз және «Тағала» сөзін тек бас әріппен қолданылатын болады.

Бұл сөздер қоғам ішіндегі ұзақ жылғы принципті дауға нүкте қою үшін нақтыланып отыр.
1.5K views13:41
Ашу / Түсініктеме
2020-08-31 14:40:45 Адамның сыртқы бейнесіне, пішініне "дене" дейміз. Адамның жүрегіндегі қуатқа, халге, мінезге "құлық" делінеді. Көңіл аурулары "жаман ахлақ" (жаман құлық-мінез) деп аталады. Бұлардың емі өте қиын. Мінез-құлық — жүректегі әдет, қалау, хәл деген сөз. Адамның сенімі, сөздері, әрекеттері, барлығыда осы қуаттан бастау алады. Адамға дүниеде және ахиретте зиян тигізетін нәрселердің барлығы жаман мінезден туындайды. Қиын болсада мінезді ӨЗГЕРТУ МҮМКІН!
Әрбір мұсылманның бірінші міндеті өз көңілін тазарту. Себебі, ЖҮРЕК (көңіл) — дененің басшысы. Барлық дене мүшелері ЖҮРЕКтің (көңілдің) әмірінде.
Пайғамбарымыз (с.а.с): "Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзылады. Ол— ЖҮРЕК(көңіл)" деп бұйырған.
Жүректің жақсы болуы — жаман мінезден тазарып, жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді.Сондықтан құрметтім «Жүрегіңізді таза ұстаңыз ».

Ислам ахлақы кітабынан
1.3K views11:40
Ашу / Түсініктеме
2020-08-30 15:03:27 Бойжеткенге өмірлік жарымен танысудан бұрын не істеуі керек ?!
1. Алладан иманды күйеу сұраңыз
Алладан дұға етіп, тақуалардан болуын сұраңыз, өйткені дуа - бұл ең жақсы құрал.
2.Дуа-истихара (намаз-истихара) оқыңыз
Шынында да, бұл көмекке жетудің ең күшті құралы
3.Ниетіңізді түзеңіз
Ниетіңіз Алланың разылығы үшін (Алла бұны жақсы көреді және риза етеді)
болсын.
4. Алладан үміттен. Біл, құрметті әпке, бұл үміт -екінші ең күшті жақсылықтың механизмі, ал оң нәтиже - тек Алладан және
Ол сіздің қамқоршыңыз.
5.Алла елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кеңестеріне құлақ асыңыз.
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
«Егер сені құда түсуге адам келсе ,сен діні мен мінезіне риза болған болсаң , оған тұрмысқа шық . Әйтпесе жер бетінде
шатасушылық пен зұлымдық таралады».
Ат-Тирмизи, Ибн Мажа, әл-Хаким, әл-Байхаки
Шейх әл-Альбани хадисті жақсы деп атады
Осы хадиске сүйене отырып, ең алдымен діндарлыққа қарау керек , сосын болашақ күйеуінің мінезіне.
1.2K views12:03
Ашу / Түсініктеме
2020-08-30 11:57:57 Кітап – адамзаттың ең құнды ақыл қазынасы. Жақсы кітап – жан серігі. Үнемі оқуды тоқтатпау адамды үлкен әлемге жетелейді. Біз қаншалықты көп оқыған сайын соншалықты біле түсеміз. Оқу басқа, сіңіру басқа, әрине. Дегенмен, көп оқу дағдыға айналса, оқыған дүние сіңбеуі мүмкін емес. Мүмкін емес нәрсе жоқ. Жаныңызда немесе араласатын достарыңыздың ішінде кітапты серік еткен жандар болады. Соларға қарап кейде дерт жұқтырған адам ба деп қаласыз. Анығында, ол солай.
"Кітап дертіне" шалдыққан адамның 12 белгісі бар.
Сонымен... 

1. Кітап сөресі үйінің әр бөлмесінде бар. Қай бөлмеге барсаңыз да алдыңыздан самсаған кітаптар шығады...

2. Қай дүкенге барса да кітап іздейді. Егер табылса, оқып тауысу үшін бірден бірнеше кітап сатып алады. 

3. Ешқашан кітаптан ақша аямайды. Қанша қымбат боп тұрса да, көз жұмып ала салады.

4. Егер іссапарға шықса өзімен бірге толтырып кітап алады. 

5. Тіпті кештерге барғанда да кітап апарады. 

6. Түскі үзіліс кезінде әріптестерімен бірге болуды емес, жалғыз қалып сорпа пен кофе арасында біраз оқуды жөн көреді. 

7. Соңғы айда көрген фильмдерінен гөрі оқыған кітаптары көп. 

8. Автобуста да құлаққап тағып алып ән тыңдамай, керісінше кітап оқиды. 

9. Шақырған жерлерге барудан бас тартады. Себебі, оқып біткен жоқ...

10. Өмірдегі адамдарға емес, кітаптағы кейіпкерлерге ғашық...

11. Кітап дүкенінде бірнеше сағаттап жүруге бар...

12. Кітаптың соңына жеткенше ұйқыны да, күлкіні де ұмытады...
#maktubat_kz
1.1K views08:57
Ашу / Түсініктеме
2020-08-30 11:56:24 Еркекті бақытты ететін 3 амал

☻біріншісі. Әрбір ер адам әйеліне мәһр беруге міндетті. Мәһр – жігіттің қалыңдықтың өзіне ғана арнап беретін сыйлығы. Мәһр – некелесу барысында немесе  қалыңдыққа кейін берілетін дүние-мүлік немесе ақша.Мәһр туралы Құранда айтылып кеткендіктен, оны орындау ер азаматқа міндет. Мәһрдің мөлшеріне ешқандай шек қойылмаған.


Алла тағала бұл турасында: «Үйленетін әйелдеріңе мәһрлерін (қалыңдық сыйын) шын көңілден тарту етіңдер. Егер олар өз ризашылығымен сол мәһрдің бір бөлігін өздеріңе қалдырса, сендер үшін таза һәм адал. Игіліктеріңе жаратып, қызығын көріңдер», – деген («Ниса» сүресі, 4-аят).

☻Баспанамен қамтамасыз етуге міндетті.
Біз «әйел адам ерінен бір сатыға төмен тұруы керек» деп не үшін жиі айтып келеміз? Міне, ерлер қауымы отбасындағы орасан міндеттері мен жауапкершілігіне орай әрдайым әйелдерден бір саты жоғары тұрады.

Отау тігіп, өз алдында шаңырақ көтеруге ниет еткен әрбір азамат алдымен алған жарын, болашақ балаларын баспанамен, жылы орынмен қамтамасыз етуге әбден жауапты болып табылады. Сондықтан, жарыңыздың алдында өз жауапкершілігіңізді толықтай сезінгіңіз келсе, онда осы міндетті орындауға тырысыңыз.

☻үшіншісі Жарын тамақтандыру мен киіндіруге міндетті.

Жанұяның iргесi мықты болып, түтiнi түзу шығу үшiн, тек әйел адамның ғана жақсы болуы жеткiлiксiз! Күйеудiң өзi жақсы әйелге лайық, отағасылық мiндеттi атқаратын жан-жақты әзiрленген, бiлiм-бiлiгi бар, шаруашылыққа икемдi, ептi болуға тиiс.


Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жұбайларыңа жегендеріңнен жегізіңдер, кигендеріңнен кигізіңдер, оларға зәбір көрсетуші болмаңдар және олардың көңіліне келетін жаман сөздер айтпаңдар» (Тирмизи) деп өсиет қалдырған.

Ер адамның бұратылып төсекте жатқаны үйдің берекесін алады. Керісінше, жұмысына ерте кетіп кеш келіп жатса, бұл қалыпты жағдай саналады.

Ертеден «әйел адамның ризығы ер адамның қолынан алуға берілген» деп айтылады. Үйге азық-түлік , келіншегіңізге киім-кешегін алып беріңіз не сіздің алдыңызда әрлену үшін өзіңнің қажетіне керек заттар ал деп ақша беріңіз .

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, реніші мен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршид-ун-ниса)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим)
 
«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)

Ер адам өз отбасының арбасын өзі сүйреуге талаптанса ғана іске асады.

Бір-біріне киім, қорған, тыныштық, тыным болуы үшін жаратылып, Алла тағала араларына мейірім мен махаббат салған ер мен әйел – бір-бірін толықтырушы.
Артықшылығын еркектерге: «Араларыңдағы жақсыларың – әйелдеріңе жақсы болғандарың», деп түсіндірген Ислам діні.

Еркек үшін ең үлкен садақа – отбасына жұмсаған қаражаты болмақ. Ердің Алла алдындағы шынайы деңгейі түздегі әрекетімен емес, әйеліне деген қарым-қатынасымен өлшенеді.

Жомарттық – ең бірінші киімің болған әйелге ешнәрсені аямастан жұмсаудан басталады. Бұл сізге құлшылық ретінде жазылады. Және мұндай еркектің дәрежесі әйел алдында қадірлі бола түседі. 
1.0K views08:56
Ашу / Түсініктеме
2020-08-29 14:16:03 үшін медресеге оқуға түсу шарт емес, күнделікті діни мақалалар мен уағыздарды тыңдауға Алла разылығы үшін уақыт бөлсе жетіп жатыр. Саудагерлердің байлық бір теңгеден құралады дегеніндей, шариғи білімде бір аят, бір хадистен құралады. Нәтижесінде діни сауатың кемелденіп, амалдарың ықыласты болып, Алланың алдында дәрежең өседі. Шариғи білім алуға уақыт бөлейік бауырлар!

Таукен Айтбаев
873 views11:16
Ашу / Түсініктеме
2020-08-29 14:16:03 ШАРИҒИ БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Адам баласы өмір сүру үшін ауа қандай қажет болса, шариғи білімді үйренудің маңызы одан да үлкен. Өйткені, ауа саған бұл өмірде қажет болса, шариғи ілімді үйреніп, оған амал ету екі дүниеде қажет. Шариғи ілімді толық түсінген ислам ғұламалары, тіптін, шариғи ілімді білмейтін адам үшін өмірден өлім қайырлы дегені де бар.

Шариғи білім дегеніміз – Алла Тағала мен пайғамбарымыздың адам баласына: былай істе, мынадан тиыл, деп айтқан үкімдері. Сол арқылы Алланың адамдар алдындағы хақысы мен адамдардың Оның алдындағы хақысы ажыратылады. Шариғи білім адамдар үшін жақсылықтарға жол ашады, жаман нәрселерден сақтандырады. шариғи білім алған адам жайлы Алла Тағала өз кітабында, пайғамбарымыздың ауызымен былай дейді: «Алла Тағала, періштелер, және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді» ( Әль-Имран сүресі, 18-аят).

Адам баласының ғибадат-құлщылық жасауы тек Алланың хаққысы, ол хаққа басқа ешкім лайық емес. Мысалы, періште болсын, жын болсын, пайғамбар немесе әулие болсын, ағаш, тас, хайуан т.б. бұлардың бірде-бірі құлшылық етуге лайық емес. Жоғарыдағы аяттағы «әділет үстінде тұрушы ғылым иелері» деп шариғи білімді үйренген адамдарды айтып тұр. Басқа бір аятта: «Алла Тағала сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым (діни) бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі» дейді. (Әль-Мужадила сүресі,11-аят).

Бұл жерде басын ашып түсіну керек, иман жалпылама ұғым, ал, шариғи білім әрбір иманды адамның тұғыры. Мұсылман адамның Алла алдындағы дәрежесі екі себепті өседі, біріншіден: иман келтіргені үшін, екіншіден, шариғат ілімін меңгергені үшін. Алла Тағала Құранда салыстырып айтады: «Қашан адам баласына бір қиыншылық келсе, Раббысына жалбарынып, шын ынтасымен дұға тілейді. Сосын оған Алла бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарынғанын ұмытады да жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Күпірлігіңмен біраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың» де. (Ал осылар) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақиреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты бола ма? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?»- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт алады» (Әль-Зүмәр сүресі, 8-9-аят).

Имандылық ұғым толық орнықпаған, әлсіз қоғамда адамдар дәреже көтерілу дегенді: дүниенің көбеуімен, бастық болуымен, адамдардың жалған мақтауымен т.б. байланыстырады. Мұсылманшылық ұғымда дәреже көтерілу дегеніміз – пенденің адамдардың емес, Алланың алдында дәрежесінің көтерілуін айтады. Бұны түсінген адам ақырет қамын ойлап жанталасады, яғни жақсы амалдарды Алла ризашылығы үшін істейді.

Егер адамның Алланың алдындағы дәрежесі көтерілсе, көп ұзамай Алла оны адамдардың арасында құрметке лайық етеді. Яғни, білім, дүние, көркем мінез, ақыл т.б. нәрселердің біреуін беріп қояды. Ал егер пенденің Алла алдында (күнә көп жасап) дәрежесі түссе, оның адамдар арасындағы беделі де тұрақты болмайды. Алланың алдында: сен күшті ұлттансың ба, байсың ба, кедейсің бе, бәрібір, оның алдында шариғатты білетіндер мен білмейтіндер тең емес. Неге? Себебі діни білімі бар адам барынша Алланы көбірек ойлап, ақыретіне алаңдап жүреді, ал шариғатта шатағы жоқ адам Раббысынан именбейді. Құранда: «Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады» делінген. (Әль-Хаж сүресі,28-аят). Пайғамбарымыз с.а.у. хадисінде: «Алла Тағала кімді рахметіне алғысы келсе, оған дінін үйретеді» деп айтқан. Яғни пендесіне екі дүниенің жақсылығын бергісі келсе, дінді дұрыс түсінуді, талдай білуді нәсіп етеді.

Шариғи білімді меңгеруге талпынудың басқада көптеген ерекшеліктері бар, сондықтан да әрбір мұсылман оны үйренуге ынталы болуы қажет. Балаларының ішіндегі қабілеттісін діни оқуға бергені өте орынды болар еді. Кейбір адамдар шариғатты үйренуге уақытын бөлген адамды іштей кемсітеді, «е, қолынан түк келмеген соң діннің соңына түсіп алған» деп, іштей оны байқұс санайды, бұл дұрыс емес пікір. Себебі, шариғи білімге ұмтылу Алланың үкімі, сол себепті оны үйреніп жүрген адамды құрметтеу керек. Шариғи білім үйрену
869 views11:16
Ашу / Түсініктеме