Get Mystery Box with random crypto!

Кейде адамдардан күтпеген нәрсе шығады. Сіздерге бір оқиғаны б | БАҚЫТТЫ БОЛ

Кейде адамдардан күтпеген нәрсе шығады. Сіздерге бір оқиғаны баяндап берейін. Бұл оқиға Белам ибн Баура жайлы.

Муса (а.с.) кезінде өмір сүрген, Мусаның (а.с.) ұрпағы, яғни Бәни Исраил қауымынан, Кенан өлкесінде өмір сүрген. Сол уақытта Мұса (а.с.) Кенан өлкесін жаулап алуға келеді. Кенан өлкесінде өмір сүретіндерді "Жаббарилер" деп атаған. Өлке тұрғындары не істейміз деп Белам ибн Баураға келіп, "сен үлкен әулиесің" деп әңгімесін бастайды.

Имам Ғазали Белам ибн Баура жайлы: "Аспанға қарағанда арғы жағын көретін еді" деп сипаттаған. 12000 шәкіртке діни білім үйреткен үлкен ғалым кісі болған. Және де жасаған барлық дұғалары қабыл болған ( Исми-Ағзамның хикметіне ие еді ).

Адамдар келіп Белам ибн Баураға: "Мұсаға (а.с.) теріс дұға жаса, біздің өлкеге келмесін" деп өтініш білдіреді. Белам ибн Баура оларға: "Естеріңнен адастыңдар ма? Алланың пайғамбарына теріс дұға жасала ма?" деп кері қайтарады. Осы ниетпен халық бірнеше рет келеді, және әр келгенінде сыйлық алып келетін болған. Белам ибн Баура еш көнбейді. Соңында: "Жарайды, сендер үшін истихара оқып көрейін" деп айтады. Түсінде: "Алланың пайғамбарына ешқашан теріс дұға жасаушы болма" деп ескертіледі.

Халық Беламның көнбейтініне көзі жеткен соң, басқа жолын қарастырып көреді. Ойлана келе, әйеліне барайық деп шешеді.

Әйеліне барып таудай алтын беріп, көндіруін сұрайды. Әйелі Белам ибн Баураның жан-жағынан айтып, алтындарды көрсетіп, ең соңында көндіреді. Белам: "Жарайды, теріс дұға жасаймын" деп тауға қарай бет алады. (Ол кездері дұғаны тауда жасайтын болған). Есегіне мініп жолда кетіп бара жатқанда жолда есегі 3 рет тоңқып, жүрмей қояды. 4 іншісінде есекке тіл бітіп, "Алланың пайғамбарына теріс дұға жасама" деп сөйлейді. Белам: "сен не білесің" деп ұрып, таудың басына жетеді.

Таудың басында халық күтіп тұр екен. Белам қолын жайып, Мұсаға теріс дұға бермекші болып:

"Я раббым, Мұсаны қорға, мына халықты жоқ қылып жібер" деп дұға жасайды. Халқы: "Белам сен не айтып отырсың, саған таудай алтын бердік, сен бізге теріс дұға жасап жатырсың" деп айтады. Белам: "мен негізі Мұсаға теріс дұға берейін деп айтқам деп тағы да:

"Аллаһым, мына қауымды жермен-жексен ет, Мұсаны өзің сақта" деп дұға етеді. Сол кезде Белам: "Алланың атымен ант етейін, Алла менің тілімді басқарып жатыр. Мұсаға (а.с.) теріс дұға жасатпай жатыр деп айтып, тілі түсіп, қарнына дейін түсіп, иттің тіліндей салбырап қалады". Сол кезде "Алланың атымен ант етейін, Беламның дүниесі де, ақыреті де құрыды" деп айтылады.

Кейбір тәпсіршілердің айтуынша Ағраф сүресінің 175-176 аяттары осы оқиғаны баяндайды.

"Мұхаммед (ғ.с.) оларға (Яһудилерге) берген аяттарымызды сиырылып, шайтанларға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір." 7:175

Егер қаласақ, аяттарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсініне ерді. Сонда оның мысалы: егер оған тап берсең ле тілін салақтатып, не оны қойып қойсаңда тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. Мұхаммед (ғ.с.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. 7:176