Get Mystery Box with random crypto!

ӨЗ ҮЙІНДЕ ТАБА АЛМАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚТЫ... Бір көгалға жас жігіт к | БАҚЫТТЫ БОЛ

ӨЗ ҮЙІНДЕ ТАБА АЛМАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚТЫ...

Бір көгалға жас жігіт келіп, су ішіп алған соң, бұлақ жанында демалып жатқан ақсақалдан сұрайды:
– Мұнда қандай адамдар тұрады?
Ақсақал өз кезегінде жас жігіттен:
– Ал сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? – деп сұрайды – Жаман ойлары көп өзімшіл адамдар, деп жауап қатады жігіт.
– Осы жерден де ондай адамдар табылады, – деп жауап береді қарт.

Сол күні, басқа жігіт бұлаққа келіп шөлін қандырып, қартпен амандасып, сұрайды:
– Мына жерде қандай адамдар тұрады?
Қарт жауап берудің орнына сол сұрақты өзіне қояды.
– Ал, сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді?
– Керемет адамдар, адал, қонақжай, мейірман.
Маған олармен қоштасу ауыр болды.
– Ондай адамдарды сен осы жерден де
кездестіресің, деді қарт.
Екі әңгімені де естіген бір адам:
– Сен бірдей екі сұраққа қалайша әр түрлі жауап бердің?
Оған қарт былай деп жауап берді:

«Біздің әрқайсысымыз жүрегімізде не болса, сырттан да соны көреміз. Өз үйінде таба алмаған жақсылықты, ешкім сырттан, осы жерден немесе басқа жерден таба алмайды».