Get Mystery Box with random crypto!

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН Атам шықса сапарға: - Жолың болсын! – дейді апа | Балаларға арналған тақпақтар

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН

Атам шықса сапарға:
- Жолың болсын! – дейді апам.
Апам шықса сапарға:
- Жолың болсын! – дейді атам.

-Жолың болсын! – дейді олар,
Үлкенге де, кішіге.
- Жолың болсын! – дейді олар,
Ұшырасқан кісіге.

Осы сөзде байқадым,
Қуат барын, күш барын.
 - Жолың болсын! – айтамын,
Алыс жолға шықса кім.

Несіпбек АЙТҰЛЫ