Get Mystery Box with random crypto!

Балабақшада Күлімдейді күніміз, Көңілді ән-күйіміз. Асыр | Балаларға арналған тақпақтар

Балабақшада

Күлімдейді күніміз,
Көңілді ән-күйіміз.
Асыр салып жүреміз,
Тәртіп бұзбай жиі біз.

Білеміз біз, сұраңыз,
Жаттап алдық жыр аңыз.
Тәрбиеші апайдың,
Айтқанын тез ұғамыз.

Дайын тақпақ, әніміз,
Би билейміз бәріміз.
Өнерліміз, кішкентай,
Болсақ-тағы әлі біз.

Ернұр Сейдахмет