Get Mystery Box with random crypto!

Мұз айдыны | Балаларға арналған тақпақтар

Мұз айдыны
Қане, бізге еріңдер,
Мұз айдынын көріңдер.
Жұрт мақтаған Медеудің,
Шын бағасын беріңдер.

Балдырған да, кәрі де,
Мәз боп ауа – дәріге.
Жексенбісін өткізер,
Коньки теуіп бәрі де.

Жалқау мұнда жаурайды,
Сергекті ән баурайды.
Мұз айдыны Медеудің,
Шарайнадан аумайды.

Базарбай Исаев