Get Mystery Box with random crypto!

Әдепсіз бала Қас қабағын сәл түйіп, Бет ауызы жалпиып. Авто | Балаларға арналған тақпақтар

Әдепсіз бала

Қас қабағын сәл түйіп,
Бет ауызы жалпиып.
Автобуста Жасұлан,
Отыр міне жалпиып.

Байқамайды маңайды.
Телефонға қарайды.
Қашан жетем үйге деп,
Аялдама санайды.

Ата-әже бол мейлі.
Үлкенге орын бермейді.
Көзін жұмып, басқаны.
Өп өтірік көрмейді.

Жүрмесе де көп әлі,
Шаршағандай болады.
Күнде осылай бұл бала,
Мектебіне барады.

Ұялмайды Жасұлан,
Ұялмайды досынан.
Әдепсіздік дегенің,
Басталады осыдан.

Олжас Қасым