Get Mystery Box with random crypto!

Ұстаз Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың. Дәрігер б | Балаларға арналған тақпақтар

Ұстаз
Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!

Фариза Оңғарсынова