Get Mystery Box with random crypto!

Санамақ Бір дегенім – білік, Қолыңа жүр іліп. Білік – шалғы | Балаларға арналған тақпақтар

Санамақ

Бір дегенім – білік,
Қолыңа жүр іліп.
Білік – шалғы тұтқасы,
Алғаның жөн біліп.
Екі деген – есті,
Ел жайлауға көшті.
Салқын екен жайлау,
Салқын самал есті.
Үш дегенім – үскі,
Ұшып жерге түсті.
Тындыратын істі,
Үскі неткен күшті.
Төрт дегенім – төсек,
От жағамын көсеп.
Төсек жақсы өйткені,
Жайлы орынға есеп.
Бес дегенім – бесік,
Бөбек жатыр өсіп.
Уағында анасы,
Шомылдырар шешіп.
Алты деген – арша,
Арша отын жанса.
Мықтап қазан қайнатар,
Жіктеп отқа салса.
Жеті деген – жебе,
Жебе бұзар кебе.
Жебе, көбе сөзі –
Ертегі сөз көне.
Сегіз деген – сенім,
Болашағың сенің.
Сені азамат болар деп,
Сеніп отыр елің.
Тоғыз деген – торпақ,
Болма өзің қорқақ.
Еңбек етсең жарайды,
Көп ісіне ортақ.
Он дегенде ойлап,
Тапқан сөзім – оймақ.
Жалғастырып, айтыңдар,
Ой түбіне бойлап.

Кәп ҚҰМАРҰЛЫ