Get Mystery Box with random crypto!

baizhanovaassem

Telegram арнасының логотипі baizhanovaveb — baizhanovaassem B
Telegram арнасының логотипі baizhanovaveb — baizhanovaassem
Арна мекенжайы: @baizhanovaveb
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.41K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-11-15 10:20:46
1. Алғашқы кітап

Салт-дәстүр сөйлейді кітабы
Авторлары: Санжар Керімбай , Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби, Асылтай Тасболат.

Ерекше мәнді, айрықша құнды дүниелер жазылған кітаптардың бірі. Діни негіздер қарастырылған. Яғни салт-дәстүрдің шығу тарихын тереңнен зерттеген. Мұнда қазақтың діни санасынан орын алған тыйымдар мен ырымдао, ислами мәнде ұлт жадында сақталған дүниелер теріп жинақталған.

Балалық шақтан бастау алып, өлім сәтіне дейінгі ырымдар, тым ерекше жинақталған.

10/10 ма ша Аллаһ
452 views07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 10:28:01
Өзім түсірген әдемі видео ( АЛЛАНЫҢ ҚҰДРЕТІ )
269 views07:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 10:27:03 Құрметті менің ТЕЛЕГРАМ оқырмандарым

Осы жерде көптеген пайдалы дүниелермен бөлісуді әрі telegram каналды қолға алуды жөн көрдім
271 views07:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 15:59:28 Менің түріме қарап, «Не болды, боп-бозсың ғой?» деп, асты-үстіме түсіп жатыр.
Әпкемнің жаны ашыған жылы сөзі әсер етті ме, тоқтай алмай тағы жыладым.
Тамыз айының 22-сі болатын. Таңғы шәйға тәттілер алайын деп, дүкенге келгенмін. Телефоным шырылдады. Арғы жақтан жеңгемнің жылаған даусы естілді:
– Айдана, естідің бе Айсәулені?
– Жоқ?.. Не болды?
– Кешегі түнде, таңға жақындаған уақытта Тараз бен Көкталдың арасында Айсәуле апатқа ұшырапты. Өзі рөлде болған екен, қарақұсы тасқа тиіп, сол жерде мерт болыпты.
Мына суық хабар денеме біз сұғып алғандай әсер етті, бүкіл денем тыз ете қалды. Не айтарымды білмей қаттым да қалдым. Сасқалақтап:
– Не айтып тұрсыз? Кім? Кім? – дей беріппен. Жеңгем болса:
–  Айдана, даусымды естімей тұрсың ба? Осындай жағдай болды, Айсәуленің денесін қазір ғана алып келді. Жолда ұйықтап кетіп, апатқа ұшырапты, өзі көліктен бірнеше метрге ұшып кетіпті, – деп жатыр.
Тұтқаны қоя салып, Айсәуленің сіңлісіне телефон соқтым. Тұтқаның арғы жағынан жылап тұрды. Бірден түсіндім. Содан сасқанымнан:
– Айсәулеге не болды? Не болды? – деп қайталап сұрай бердім.
– Айсәуле жоқ, жол апатынан қайтыс болды. Біз одан айрылып қалдық, – деді.
Сол сөзді естіген бойда көзім қарауытып, басым айналып кетті. Бірнеше минут өз-өзіме келе алмай, керек десеңіз, көзімнен жас та шықпай, есеңгіреп тұрып қалдым.
Үйге келген соң ғана ыстық жасқа ерік бердім. Содан жалма-жан жолға жиналдым.
Алматыдан Таразға жеткенге дейін алты-жеті сағат уақыт. Жол бойына екеуміз бірге жүргендегі әрбір сәт кино лентасындай көз алдымнан сырғып өтіп жатты. Сонау бала кездегі бірге ойнаған күнәсіз пәк кездеріміз езуіме күлкі үйіріп, жып-жылы сағыныш болып жүректі жібітті. Сырымызды айтпаққа бір-бірімізге асығатын кездеріміз қандай еді? Күндіз мектепте бірге жүрсек те, кешкісін бір-біріміздің үйімізге барып, қонуға ата-анамыздан қиылып сұранып отыратынбыз. Ал қонуға келгенде, түнімен айтатын әңгімеміз бір таусылмаушы еді ғой. Мектепті аяқтар кездегі арамыздың бүлінгені де, одан кейінгі мазаны қашырған қызықсыз, сұрықсыз күндер де сол қалпы ойымда жаңғырып тұрды. Тіпті татуласуға тырысып, бір-бірімізді кешіріп, баяғыдағыдай дос болып қалуды аңсап, Тараздан шақырғанымда да Айсәуле: «Мынау сенің жаңа көлігіңе көрімдігім болсын...» деп маған өлім тілеп кетіп еді ғой.
Бойым дір ете түсті. Сонда қалай, Айсәуле тілінен тапты ма, қара тілеуінен көрді ме?..  
Ал мен Айсәулені жер қойнына тапсырғанша үлгеріп бардым. Соңғы рет мәңгілікке қоштасып қалдым...  

Себепкер кітабынан үзінді
53 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 15:59:28 Қара тілек
 
Айсәуле – бала кезден бірге өскен жан құрбым еді, жатқан жері жайлы болсын. Екеуміз дос болдық. Сырлас болдық. Ауылдас болдық. Көрші болдық. Көп қуанышты сәттерде де, жанымыз жабырқаған қиын кездерде де бір-бірімізге демеу болдық.
Осылайша уақыт сырғып өтіп жатқан. Біздер бой жетіп, әрқайсымыз өз өмір жолымызбен кетуге дайындалып жүргенбіз. Кенеттен арамызға шоқ түсті. Айсәуле екеуміз енді бір-біріміздің бетімізді көрместей ауыр-ауыр сөздер айтып, қатты ұрсысып қалдық.
Содан не керек, мен Алматы қаласына кеттім. Ол Таразда қалды. Осы оқиғадан кейін бірнеше ай өтсе де бір кездері ең жақын болған құрбыммен арадағы жанжал есімнен кетпей-ақ қойды. Бұлайша араздасуға өзімді жазғыра бастадым. «Кешірімді болғанымда ара-қатынасымыз түзелер ме еді? Ол да кешірер ме еді?» деген ойлар маза бермеді. Соңында, алты-жеті ай өткен соң, Айсәулеге өзім хабарластым. Телефон соғып, сөйлескім келетінін, бұның мен үшін маңызды екенін, мүмкін болса Алматыға келуін сұрадым. Таң қалғаным, ол бірден келісіп:
– Жарайды, барамын, бетпе-бет сөйлескің келсе сол кезде айтарсың, – деді. Бұл шілденің 30-ы күні болатын.
Келіскеніміздей, Айсәуле Алматыға келді. Мен оны «Сайран» автовокзалынан күтіп алатын болдым. Сол күннен бір апта бұрын жаңа автокөлік сатып алған едім. Құрбымды күтіп алуға сол автокөлігіммен келіп тұрмын.
Күтіп алдым. Бірақ, кездескен кезде бір-бірімізге деген жылылық байқалмады. Арада өткен алты-жеті ай көңілге салған сызатты батыра түспесе, өшіре алмаған сияқты. Көріскенімізге қуанып, мәз-мейрам болған жоқпыз. Құдды бөтен адамдардай, салқын амандасып, қал-жағдай сұрастық.
Ал менің ішімде біртүрлі қобалжу пайда болғандай. Қорқыныш сияқты ма? Өйткені, жүрегімнің тарсылдап соғып тұрғанын сөйлеген кезде сездім, даусым дірілдеп шығатындай. Оны сыртқа білдіртпейін деп, өзімді барынша сабырлы ұстауға тырысамын.
– Мына жерде кафетерий бар, бір шыны шәй ішіп алайық. Жолдан келдің ғой, – деп сонда бұрылдық.
Кофеге тапсырыс бердік. Бір-бірімізге қарама-қарсы отырмыз. Үн жоқ. Айсәуле көзін төмен түсірген қалпы, басын көтермейді. Бұлай отыра бергеніміз жарамас деп:  
– Қалайсың? Қалай келдің? Жолдан шаршаған жоқсың ба? Ауыл қалай? Не жаңалық? – деп сұрап жатырмын.
– Жақсымын! Көріп тұрғаныңдай, жақсы келдім, – деп қысқа қайырды.
Мен мұны да қалыпты жағдай ретінде қабылдадым. Қанша дегенмен,  жарты жылдан астам уақыт араласқан жоқпыз ғой.
Содан бір кезде ол:
– Не үшін шақырдың? Айтатын қандай әңгімең бар? – деп сұрақты төтесінен қойды.
– Шақырған себебім, екеуміз ренжіскеннен бері қарай ойымнан кетпей қойдың. Егер менен қателік кетсе, кешірім сұрағым келді, – деп әңгімемді енді айта бастап едім, ол орнынан атып тұрды да:
– Біле білсең, маған кешіріміңнің керегі жоқ. Сен «шақырғанға жетіп келді» деп ойлап тұрсың ба? Жоқ! Өзімнің жұмыстарыммен келдім. Екеуміз айтатындай қандай әңгіме қалып еді? Біз енді бір-бірімізге ешкім емеспіз, – деп ашуланып кетті.
– Айсәуле, не болды саған? Артық ештеңе айтқаным жоқ қой. Келіп жатқаның қазір ғана емес пе, отыр, сөйлесейік! – дегенім сол еді:
– Менің сенімен сөйлесетіндей ешқандай әңгімем жоқ. Сенің жаңа алған көлігіңе көрімдігім болсын, осымен «насмерть» соғысып өл! – деді де, бұрылып шығып кетті.
Мен не істерімді білмей, аңырайып тұрдым да қалдым. Бірақ, әлгі соңғы  сөздерді айтқан кездегі көзқарасы өңменіңнен өтіп кетердей, өткір болды. Есімді жинай алмай, екі-үш минут тұрдым да, сосын үйге қайтпақ болып сыртқа шықтым.
Жолда келе жатып, Айсәуленің айтқан сөздері құлағымның түбінен  жаңғырып кетпей қойды. Онсыз да ренжіскен сәтіміз көңілімде қалып қойған, ал, мынау мен үшін тіпті күтпеген жағдай болды. Шілденің уақыты ғой, аяқ астынан жаңбыр да жауып кетті. Көлігімнің әйнек сүрткішін қайта-қайта қозғаймын. Өзімнің де көзімнің жасы тыйылар емес. Жолымды көрмей келемін. Бір қарасам, үйге жетіп қалыппын. Үйге қарай бұрыла бергенімде машинамның тарс еткен дауысы шықты. Шошып кеттім. Тоқтай салып қарасам, оң жағымдағы дөңгелек жолдың ернеуіне (бордюр) шығып кетіп, жарылыпты. Машинамды сол жерге қалдырдым да, жаңбырдың астында жүгіріп үйге жеттім.
Үлкен әпкем үйде болатын.
57 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 18:49:43
Алтындарым

«Өзіңді ешкіммен салыстырма» (анализ+трансформация) практикалық кітапшасы сатылымға шықты.

Кітапша ~ 70 бет, ЭЛЕКТРОНДЫ pdf форматта.

(Ватсабыңызға жіберіледі)

Тек 24 сағат ішінде арнайы бағасы - 2500 тг.

Реквизит: 8 777 689 30 30

Дәл осы нөмірдегі ватсапқа чек жіберсеңіз болады.
462 views15:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 06:51:44 Намаз жайлы арнайы аудио
869 views03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 06:51:43
830 views03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 06:50:39 Алтындарым , жұма мубарак болсын
771 viewsedited  03:50
Ашу / Түсініктеме