Get Mystery Box with random crypto!

baizhanovaassem

Telegram арнасының логотипі baizhanovaveb — baizhanovaassem B
Telegram арнасының логотипі baizhanovaveb — baizhanovaassem
Арна мекенжайы: @baizhanovaveb
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.41K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-11-17 01:31:43 Қаламды,
Табанды
Жастар, жатпай жақсы сөзді жаз,
Емделмей,
Жөнделмей,
Басын ашпай, сорлы еліңді қылма таз.


Шəкəрім Құдайбердіұлы
311 views22:31
Ашу / Түсініктеме
2022-11-16 22:07:31 Ахмад ибн Саһл айтады: "Сенің төрт жауың бар:

1) Дүние. Оның қаруы – адамдар, ал оның түрмесі – оңашалану.

2) Шайтан. Оның қаруы – тойып тамақтану, түрмесі – аштық.

3) Нәпсі. Оның қаруы – ұйқы, түрмесі – ояу жүру.

4) Әуестік пен құмарлық. Оның қаруы – сөз, түрмесі – үнсіздік".

Шарнубидің "әл-хикәмға" жазған шархынан
336 views19:07
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 15:47:49 Көңіл-күйіңіз болмағанда тыңдауға кеңес беремін
488 views12:47
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 11:45:01
#ескеалу
519 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 10:54:12
Пайдалы болып жатыр ма ?
Anonymous Poll
92%
Ия , әрине Алла разы болсын
5%
Тағы да күтеміз
3%
Бүгіннен бастап кітап оқуды қолға аламын
74 voters522 views07:54
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 10:51:53
5. Қызыл түйеден де артық амалдар

Авторы: https://t.me/beisenaliolzhas

Осы кітапты оқығаныма шүкір етемін, себебі өте құнды. Ал ішінде жазылған ақпаратқа сай амал етілсе тіптен керемет. Ол да бір жетістіктің кілттері. Ақіреттік амалдар. Аллаға шүкір ішіндегі біраз дүниге амал еткініме біраз уақыт болды. Өте қуаныштымын. Олжас мырза Алла разы болсын.

Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір сүрген дәуірінде арабтар үшін қызыл түйе ең құнды мүлік болатын. Яғни, «бұл қызыл түйеден де жақсы» деген сөз — «бұл дүниедегі барлық нәрседен де жақсы» дегенді білдірген.
485 viewsedited  07:51
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 10:44:23
4. Салауат байрағы

Авторы: https://t.me/beisenaliolzhas

Пайғамбарға салауат айту (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) – Алла Тағалаға жақындаудың, оның әмірін орындаудың ең маңызды жолы. Бұл құлшылық түрін орындауда күш жұмсау – Әһлу-сүннеттің айрықша белгісі.

Абдулла ибн Әбу Талхадан, ал оған болса әкесінен жеткен хадисте: «Бір күні Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) [біздің алдымызға] жүзі қуанышқа толы болған күйде шыққан еді. Сол кезде ол бізге былай деді: «Маған бір періште келіп былай деді: «Уа, Мұхаммед, Алла Тағала: «Менің бір құлым саған оқыған әрбір салауаты үшін мен оған он салауат қайтарып оқысам, риза боласың ба? Сондай-ақ, саған айтылған әр сәлемі үшін мен оған он сәлем қайтарсам ше?», – деп сұрады» Сонда мен: «Әрине [риза боламын], Раббым», – дедім»
450 views07:44
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 10:38:29
3. Қаржы қағидалары
Авторы: Данияр Жігітбек

Егер бұл кітап 10 жыл бұрын шыққан болса, менің қазір мықты компаниям болар еді
Бұл еңбекті расымен үлкен жанашырлықпен жазғаны сезіледі.

10/10 https://t.me/dzhigitbek

Бұл кітапты әуелі ер адамдар оқыса әрі амал етсе ҚР миллионерлер көп болатыны сөзсіз
1.6K views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-11-15 10:32:39 2. Келесі кітап Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбардың өмірі

Автор: Дамира Өмірзаққызы Ибрагим

Әрбір мұсылманмын деген жанға оқу керек. Алланың сүйікті құлы әрі елшісі, адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екендігі даусыз. Бұл кітапта Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге кел- генге дейінгі Арабстанның жалпы жағдайы, Пайғамбардың дүниеге келуі, балалық және жастық шағы, пайғамбарлықты қабылдап алуы, алғашқы мұсылмандардың басынан кешкендері және Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинаға көшіп барғаннан кейінгі өмір жолы қызықты оқиғалар желісімен баяндалады. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
434 viewsedited  07:32
Ашу / Түсініктеме