Get Mystery Box with random crypto!

Bagizhan🕊

Telegram арнасының логотипі bagizhan — Bagizhan🕊 B
Telegram арнасының логотипі bagizhan — Bagizhan🕊
Арна мекенжайы: @bagizhan
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 3.93K
Арнадан сипаттама

https://instagram.com/bagizhan?igshid=i5clo6qcgxt1

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2021-08-14 23:20:59 Жақындарыңызбен бөлісе отырыңыздар
362 viewsBagizhan, edited  20:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 15:40:48 Қиындықтан қамығып жаны жүдеген, жалғыз қалып, жақсылықтан күдер үзген бауырым! Өмірге деген құлшынысың құлдырып, жабығып жүрсең, мынаны оқы!

Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде мынадай аят бар: «Адамдар «Иманға келдік» деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?» Тәпсір ғалымы Ибн Кәсир бұл аятты түсіндіріп былай дейді: «Алла Тағала Өзінің мүмін құлын оның иманының деңгейіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады». Сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас (р.а) былай дейді: Мен бір күні «Уа, Алла Елшісі! Қандай адамға ең қиын сынақ беріледі? - деп сұрадым. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Пайғамбарларға, сосын сол секілді, сосын сол іспетті адамдарға. Кісі дініне қарай сыналады. Егер діні берік болса, сынағы қатая түседі. Ал діні әлсіз болса, иманына байланысты сыналады. Пендені қиыншылық пен пәлекет бойын тазартпайынша, тәрк етпейді», – деді. Демек, СЫНАҚТЫҢ МАҚСАТЫ – МҰСЫЛМАНДЫ ШЫҢДАУ, ШЫНАЙЫ СЕНІМ ШЫҢЫНА ШЫҒАРУ. Түрлі тауқіметке төзіп, сабыр ете алған адам ғана нағыз иманның дәмін татады. Ал бұл – ешқандай байлық, ешқандай дүниеге айырбастауға келмейтін бағалы сезім!
Ғұлама Уаһб: Мен «Егер сенің жолыңда көлденеңнен қиындық тап болса, көңілің тыныш болсын, себебі, сен Пайғамбарлар мен ізгілердің жолымен жүріп бара жатырсың! Ал егер жүрген жолың жеңіл әрі кедергісіз рахат болса, өзіңе-өзің жыла. Өйткені, жолдан адасқан болуың да мүмкін» деген сөздерді оқыдым», - деген екен. Ендеше, қайғырма! Мұңын шаққан бір қызға ағасы: «Алдыңнан тау шықса, сен неге оны айналып өткің келеді? Керісінше, сол тауды басып өтпейсің бе? Тауға шық. Ой-қырын көр. Зертте. Алла адамға жәрдемші болса, ол адамның алмайтын асуы болмайды», - деген екен. Ендеше, қиындық көрген бауырым! Алла сенімен болса, кімнен қорқасың, ал Алла сені тастап қойса, кімнен үміт күтесің? Барлық жанды-жансыз жаратылыстың Жаратушысы болған Аллаға бет бұр да, ісіңді Оған тапсыр! Сөзсіз, Ол саған жақсылық қалайды! Және әр қиындықтан соң екі бірдей қуаныш, екі бірдей жеңілдік сыйлайды!
131 viewsBagizhan, 12:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 20:10:57 Осы сілтеме арқылы өтіп лайк және коммент қалдырасыздар ма?! https://www.instagram.com/p/CRUL133nrtD/?utm_medium=copy_link
906 viewsBagizhan, 17:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 00:04:57 Channel photo updated
21:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 00:03:24 ҮЙДІ БӘЛЕ-ЖАЛАДАН, ЖЫН-ШАЙТАННАН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙМЫЗ?

Бүгінде не көп, біреудің «жолын ашушылар», «үйіңді бәле-жаладан тазалап берем, бизнесіңді жүргізем» деп өз бизнесін дөңгелетіп отырғандар көп.
Тіпті, «суретіңізді жіберіп, карточкаға ақшаны аудара салыңыз, мен осында отырып-ақ жолыңызды ашып, уайымыңызды кетіріп, ісіңізді жүргізіп берейін» дейтіндер де жоқ емес. Ең сорақысы, солар «сені дуалап жолыңды байлап тастаған, егер қазір жолыңды ашпасақ, бақытсыз боласың» деп алдап, арбап, адамдарды өз құрығына оңай іліп жүр.

Ал құмалақ, карта, алақанға қарап бал ашу деген секілді мұндай амалдар діннің ісінен емес, жынның ісінен екенін елдің бәрі түсіне бермейді. Өйткені, көптеген балгерлер мен көріпкелдер Исламның атын жамылып жұмыс жүргізеді. Ал шындығында ғайыпты болжаған адам Алланың алдында айыпты болады, тозаққа лайықты болады.
Жын-шайтандар – бізбен қатар, параллель өмір сүретін тіршілік иелері. Ал олардың басты мақсаты – адамды тура жолдан тайдыру, Аллаға серік қосу күнәсін жасатып, оларды тозаққа лайықты ету.

Сондықтан да жын-шайтандар – адам баласының басты дұшпаны. Дегенмен, олардан қорғанудың жолдары да жоқ емес. Тек соларды ықтиятты түрде орындап, күнделікті әдетімізге айналдыра алсақ, жын-шайтан атаулының бізге ешқандай ықпалы, зияны тимейтіні анық.

Үйді бәле-жала, жын-шайтаннан қорғаудың ең басты жолы – үйде үнемі азан шақырылып, намаз, Құран аяттарының оқылып тұруы. Пайғамбарымыз ﷺ: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді», - деген. (Ахмад, Муслим)

Алланың есімі аталған жерден шайтан алыс жүреді. Сондықтан төменде күнделікті оқылатын дұғалардың бірнешеуін көрсетуді жөн көрдік:

1. ҮЙДЕН ШЫҚҚАН КЕЗДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА:
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.
«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ»

2. ҮЙГЕ КІРЕР КЕЗДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА:
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( "Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін" делінген).
«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә»

3. ӘЖЕТХАНАҒА КІРЕР КЕЗДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА:
Иә, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.
«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси уәл-хабәис»

4. ӘЖЕТХАНАДАН ШЫҚҚАН КЕЗДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА:
(Иә, Алла!) кешіріміңді сұраймын.
«Ғуфранәк»

5. ТАМАҚТАНАР АЛДЫНДА АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА:
Иә, Алла! Біздің бұл тамағымызға береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».
Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

6. КӨЛІККЕ МІНГЕН КЕЗДЕ АЙТАТЫН ДҰҒА:
Алланың атымен, Аллаға шүкір!
«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”

7. ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА:
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Басы мен жүзінен бастап денесінің қолы жеткен жерлерін сипап шығады. Кейін "Аятул Курсиді" оқиды.

8. ТАҢЕРТЕҢ ҰЙҚЫДАН ОЯНҒАН КЕЗДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА:
Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.
«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин - нушур»

Умаийа бин Махши былай дейді: «Күндердің күнінде бір адам Алла Елшісінің (със) жанында отырып тамақ жеді және ол соңғы түйір қалғанға дейін Алланы еске алмап еді. Соңғысын аузына апара беріп: «Басында да, соңында да Алланың атымен» деп еді, Пайғамбарымыз (със) күліп: «Шайтан бағанадан бері онымен бірге тамақтанып отыр еді, ол Алланы еске алғанда қарнындағысының бәрін шығарып жіберді», - деген. (Әбу Дәуд, Насаи)

Демек, адам үйіне кірерде, шығарда, ас ішерде Алла Тағаланың есімін тіліне тиек етпесе, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бізге бұл үйде орын да бар, тамақ та бар”, - деп қуанады. Ал егер ол үйіне кірерде және ас ішер алдында «Бисмилләһ» (Алланың атымен) деп Алла Тағаланың есімін атаса, шайтан: “Бұл жерде бізге орын да, тамақ та жоқ!”, - деп қашады. (Муслим)

Сондықтан осы дұғаларды оқып жүру арқылы өзімізді, отбасы, бала-шағамызды шайттаның азғыруынан, түрлі бәле-жаладан қорғап жүрейік!
5.3K viewsBagizhan, 21:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 00:00:02 РИЗЫҚ ҚАЛАЙ КЕЛЕДІ?

Қызмет етуші адамдардың үш түрлі амалы бар:

Біріншісі – барлық ризық-несібе, байлық, мүлік адамның өз күшімен, білімімен, парасатымен, қабілетімен келеді деп сенеді.

Екіншісі – «Аллаға тәуекел еттім, Алла өзі асырайды» деп қол қусырып отырады.

Үшіншісі – қолдан келген қызметін атқарады, амалын жасайды, еңбектенеді, содан кейін ісін Аллаға тапсырады. Жаратушы қаласа ғана адал ризық келеді деп түсінеді, дұғасын жасайды.

Мұның жағдайы көктемде жер қазып, дән егіп, күзде егін орып аламын деп үміттенген диқаншы іспетті.

Ең дұрысы – үшінші адамның амалы
Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер Аллаға дұрыс тәуекел етсеңдер еді, онда Ол сендерді, таңертең аш кетіп кешке қарындары тойып қайтатын құстарды тамақтандырғанындай ризықтандырар еді», - деген. (Тирмизи)

Адамнан 10-20 есе көп құстардың барлығын да ризықтандырған Алла Өзінің ең ардақты жаратылысын ешқашан қараусыз қалдырмайды. Ол үшін адам әрдайым дұрыс әрі тәртібімен тәуекел ете білуі қажет.
Сол үшін де сахаба Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) бір сөзінде: «Біреулерің «Иә, Алла, маған ризық бер!» деп дұға етіп, кәсіп жасамай, ризық іздемей отырмасын. Сендер аспаннан алтын не күміс жауады деп ойлайсыңдар ма?» - деген екен.
(Имам Ғазали "Ихяя улумуд-дин")
12 viewsBagizhan, 21:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 21:28:03 Гармония внутри - это понимание себя

Вроде все просто?
А на самом деле - нет.

Порой на это могут уходить годы, а у кого-то и вовсе нет результата.
Но если постараться, то можно обрести гармонию и жить со спокойствием на душе.

Хочу поделиться с вами, мои любимые, 3 важными практиками, которые в этом помогают

Иман в сердце.
Стремитесь к тому, чтобы всегда оставаться в осознанности, максимально уповая на Всевышнего. Научитесь Ему доверять.
Каждая ситуация в вашей жизни - наилучший вариант из всех!

Не торопитесь жить.
Попробуйте наслаждаться каждым мгновением.
Вспомните, как вы проводите свой день и попробуйте сделать эти дела не спеша.
Наслаждаться можно, если делать все спокойно и ровно.

Учитесь любить, жить в потоке любви
Делайте все с любовью в сердце. Не потому что так надо или удобно, а от сердца.
помогает чувствовать полноту жизни. А самое главное, помогает ощущать силу Всевышнего. Когда поступки совершены из любви, тогда они будут правильными

Альхамдулиллах
834 viewsBagizhan, 18:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 23:20:11
756 viewsBagizhan, 20:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 20:50:10 Әр сәтіңді бағала...
Жақындарыңды, туғандарыңды қуант..
Тек дұрыс сөз, жақсы сөз ғана айт..
Бәрі өз қолыңда...
Жалғасы https://www.instagram.com/p/CRCB9j1FEX2/?utm_medium=copy_link
433 viewsBagizhan, 17:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 08:15:31 Комментировать дегенді таппадым...Сіздермен сөйлесейін десем)
554 viewsBagizhan, 05:15
Ашу / Түсініктеме