Get Mystery Box with random crypto!

Қиындықтан қамығып жаны жүдеген, жалғыз қалып, жақсылықтан күд | Bagizhan🕊

Қиындықтан қамығып жаны жүдеген, жалғыз қалып, жақсылықтан күдер үзген бауырым! Өмірге деген құлшынысың құлдырып, жабығып жүрсең, мынаны оқы!

Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде мынадай аят бар: «Адамдар «Иманға келдік» деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?» Тәпсір ғалымы Ибн Кәсир бұл аятты түсіндіріп былай дейді: «Алла Тағала Өзінің мүмін құлын оның иманының деңгейіне қарай сынайды. Иманы күшейе түскен сайын сынақ күрделене береді, ал иманы әлсіз кісі сеніміне қарай сыналады». Сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас (р.а) былай дейді: Мен бір күні «Уа, Алла Елшісі! Қандай адамға ең қиын сынақ беріледі? - деп сұрадым. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Пайғамбарларға, сосын сол секілді, сосын сол іспетті адамдарға. Кісі дініне қарай сыналады. Егер діні берік болса, сынағы қатая түседі. Ал діні әлсіз болса, иманына байланысты сыналады. Пендені қиыншылық пен пәлекет бойын тазартпайынша, тәрк етпейді», – деді. Демек, СЫНАҚТЫҢ МАҚСАТЫ – МҰСЫЛМАНДЫ ШЫҢДАУ, ШЫНАЙЫ СЕНІМ ШЫҢЫНА ШЫҒАРУ. Түрлі тауқіметке төзіп, сабыр ете алған адам ғана нағыз иманның дәмін татады. Ал бұл – ешқандай байлық, ешқандай дүниеге айырбастауға келмейтін бағалы сезім!
Ғұлама Уаһб: Мен «Егер сенің жолыңда көлденеңнен қиындық тап болса, көңілің тыныш болсын, себебі, сен Пайғамбарлар мен ізгілердің жолымен жүріп бара жатырсың! Ал егер жүрген жолың жеңіл әрі кедергісіз рахат болса, өзіңе-өзің жыла. Өйткені, жолдан адасқан болуың да мүмкін» деген сөздерді оқыдым», - деген екен. Ендеше, қайғырма! Мұңын шаққан бір қызға ағасы: «Алдыңнан тау шықса, сен неге оны айналып өткің келеді? Керісінше, сол тауды басып өтпейсің бе? Тауға шық. Ой-қырын көр. Зертте. Алла адамға жәрдемші болса, ол адамның алмайтын асуы болмайды», - деген екен. Ендеше, қиындық көрген бауырым! Алла сенімен болса, кімнен қорқасың, ал Алла сені тастап қойса, кімнен үміт күтесің? Барлық жанды-жансыз жаратылыстың Жаратушысы болған Аллаға бет бұр да, ісіңді Оған тапсыр! Сөзсіз, Ол саған жақсылық қалайды! Және әр қиындықтан соң екі бірдей қуаныш, екі бірдей жеңілдік сыйлайды!