Get Mystery Box with random crypto!

РИЗЫҚ ҚАЛАЙ КЕЛЕДІ? Қызмет етуші адамдардың үш түрлі амалы | Bagizhan🕊

РИЗЫҚ ҚАЛАЙ КЕЛЕДІ?

Қызмет етуші адамдардың үш түрлі амалы бар:

Біріншісі – барлық ризық-несібе, байлық, мүлік адамның өз күшімен, білімімен, парасатымен, қабілетімен келеді деп сенеді.

Екіншісі – «Аллаға тәуекел еттім, Алла өзі асырайды» деп қол қусырып отырады.

Үшіншісі – қолдан келген қызметін атқарады, амалын жасайды, еңбектенеді, содан кейін ісін Аллаға тапсырады. Жаратушы қаласа ғана адал ризық келеді деп түсінеді, дұғасын жасайды.

Мұның жағдайы көктемде жер қазып, дән егіп, күзде егін орып аламын деп үміттенген диқаншы іспетті.

Ең дұрысы – үшінші адамның амалы
Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер Аллаға дұрыс тәуекел етсеңдер еді, онда Ол сендерді, таңертең аш кетіп кешке қарындары тойып қайтатын құстарды тамақтандырғанындай ризықтандырар еді», - деген. (Тирмизи)

Адамнан 10-20 есе көп құстардың барлығын да ризықтандырған Алла Өзінің ең ардақты жаратылысын ешқашан қараусыз қалдырмайды. Ол үшін адам әрдайым дұрыс әрі тәртібімен тәуекел ете білуі қажет.
Сол үшін де сахаба Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) бір сөзінде: «Біреулерің «Иә, Алла, маған ризық бер!» деп дұға етіп, кәсіп жасамай, ризық іздемей отырмасын. Сендер аспаннан алтын не күміс жауады деп ойлайсыңдар ма?» - деген екен.
(Имам Ғазали "Ихяя улумуд-дин")