Get Mystery Box with random crypto!

Қырғызстан президенті 23 тамызды Аза тұту күні деп жариялады | Азаттық таңы

Қырғызстан президенті 23 тамызды Аза тұту күні деп жариялады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан қырғыз азаматтарының қайтыс болуына байланысты үндеу жасады.

"Құрметті қырғызстандықтар! Ресей Федерациясының Ульянов облысында болған оқиға әрқайсымыз үшін қиын жағдай! Орны толмас осы бір қайғы барлығымыздың жүрегімізге ауыр жара салды. Біз отандастарымыздың жол-көлік оқиғасына тап болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қымбатты отандастар, бұл қайғы – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Осыған байланысты 23 тамызды Қырғыз Республикасының аумағында жалпыға ортақ Аза тұту күні деп жариялаймын", — делінген президенттің үндеуінде.

Фото: inform.kz

@azattyqtany