Get Mystery Box with random crypto!

Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды Атырау обл | Азаттық таңы

Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды.

Атырау облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты тамыз айының 3-і күні ашық өтеді. Бұл туралы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілген.

Фото: stan.kz

@azattyqtany