Get Mystery Box with random crypto!

Суға батып кеткен әкімнің мәйіті табылды Атырау облысында суғ | Азаттық таңы

Суға батып кеткен әкімнің мәйіті табылды

Атырау облысында суға батып кеткен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін түнде Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр", — деп хабарлады әкімдік.

31 шілде күні суға батып кеткен әкімнің денесі 1 тамыз кешкі 20.00-де оқиға орнынан 25 шақырым жерде Сарайшық ауылының шетінде Жайық жағасынан жергілікті тұрғындар тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

@azattyqtany