Get Mystery Box with random crypto!

Медведев әлеуметтік желіде Қазақстанды 'жасанды мемлекет' деп | Азаттық таңы

Медведев әлеуметтік желіде Қазақстанды "жасанды мемлекет" деп атады

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ВК желісіндегі парақшасында Қазақстанды "жасанды мемлекет" деп атаған пост жарияланды.

"КСРО қатарында болған қуатты халықтардың барлығы қайтадан бірге бейбітшілікте және түсінікте болады. Киев пен КішіРесейдің барлығы аймағы босатылғаннан кейін біз мың жыл бұрынғыдай қайтадан мықты әрі қуатты ел боламыз", — деп жазылған хабарламада.

Медведевтің көмекшісі оның "ВКонтакте"-дегі парақшасы бұғатталғанын мәлімдеді. Қазір бұл мәселені желі әкімшілігі мен тиісті мамандар шешіп жатыр.

Фото: news2.ru

@azattyqtany