Get Mystery Box with random crypto!

Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірленіп жаты | Азаттық таңы

Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірленіп жатыр

Қорғаныс министрлігі әскердегі тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіретін "Өмірді сақта" атты ведомствоаралық бағдарламаны дайындау үстінде.

"Әскердегі өлім-жітімді азайту мақсатында күнделікті нұсқаулықтар, қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар, тәрбиелік және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар сарбаздар арасында жеке және жасырын сауалнамалар жүргізіледі", — деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, әскери бөлімдерде ашық есік күні, сұрақ-жауап кеші, прокурор сағаты және көшпелі сот шарасы ұйымдастырылады.

Фото: tengrinews.kz

@azattyqtany