Get Mystery Box with random crypto!

Жас сарбаздың өлімі бойынша екі әскери шенді қызметтен қуылды | Азаттық таңы

Жас сарбаздың өлімі бойынша екі әскери шенді қызметтен қуылды

"Жеке құрамды жеткіліксіз бақылау және 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жұмыстағы олқылықтар фактісі бойынша Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 30212 әскери бөлімінің командирі және осы бөлімнің оқу ротасының командирі лауазымынан шеттетілді", — деген жауап берді министрлік.

Сондай-ақ, сарбаз өліміне байланысты аталған әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысында Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз көз жұмды. Президент қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды.

@azattyqtany