Get Mystery Box with random crypto!

'Теңізшевройлдың' 9 мыңға жуық қызметкері жұмыстан босатылады | Азаттық таңы

"Теңізшевройлдың" 9 мыңға жуық қызметкері жұмыстан босатылады

"Теңізшевройл" ЖШС болашақ кеңейту жобасынан 8,9 мың қызметкер жұмыстан босатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ТШО және Атырау облысы әкімдігі арасындағы үш жақты кездесу аясында ТШО жобаларынан босатылатын қызметкерлерді жоспарлы босатуға мониторинг және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы іске асырылып жатыр.

Қызметінен босатылатын жұмыскерлердің бір бөлігі ұқсас кәсіпорындарға ауыстырылады.

@azattyqtany