Get Mystery Box with random crypto!

Каспий құбыр консорциумы қалыпты жұмыс істеп тұр Теңіз-Новоро | Азаттық таңы

Каспий құбыр консорциумы қалыпты жұмыс істеп тұр

Теңіз-Новороссийск мұнай құбырындағы екі мұнай айдау станциясы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі хабарлады.

"2022 жылы 29 шілдеде "КҚК-К" АҚ-тың "Құрманғазы" және "Исатай" мұнай айдау станцияларында мұнай құбыры объектілерінің штаттық жұмыс режимін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кернеу берілді", — делінген хабарламада.

27 шілдеден бастап "Құрманғазы" және "Исатай" станциялары қолайсыз ауа райы жағдайлары мен бірнеше электр бағанының құлауына байланысты электр қондырғысынан ажыратулы болған.

@azattyqtany