Get Mystery Box with random crypto!

Fly Arystan авиакомпаниясына айыппұл салынды 5 маусым күні Ал | Азаттық таңы

Fly Arystan авиакомпаниясына айыппұл салынды

5 маусым күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені анықталды.

Осыған байланысты 28 шілде күні авиакомпанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабының 2-бөлігінде көзделген шара.

Бұған дейін Air Astana компаниялар тобы 7 және 21 шілде күндері рейсті кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Жалпы биыл компанияға 9 189 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Қазіргі уақытта рейстің кешігуіне және жолаушылар құқықтарының бұзылуына байланысты тергеу жалғасуда, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп жазылған хабарламада.

@azattyqtany