Get Mystery Box with random crypto!

Бала жасына толғанша төленетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін ұзару | Азаттық таңы

Бала жасына толғанша төленетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін ұзаруы мүмкін

Алдағы уақытта бала күтімімен айналысатын қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыны 1 жыл емес, 1,5 жыл бойы алуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді.

Қазір аталған мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланады.

Айта кетсек, қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері – 41 мың теңге. Бұған дейін қор басшысы әлеуметтік төлемдердің қалай тағайындалатынын есептеп берген еді. Сондай-ақ, асыраушысынан айрылған отбасыларға берілетін жәрдемақының 9% артқаны айтылды.

@azattyqtany