Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін бір мектепті қазақ етіп сақтап қалу үшін жиналыс болды. | AYATZHAN / Мінез!

Бүгін бір мектепті қазақ етіп сақтап қалу үшін жиналыс болды. Мәжіліс депутаттары қатысты.

Бұндайға ысылдық қой, заңдық тұрғыда біраз ата-аналарды орнына қойдық.

Тіл жанашырлары біраз лекция оқыды. Қырғын дау болды. Әлім келгенше бала құқы бұзылмайтынын заң бойынша түсіндіріп, басқа мектепке барасыз. Бұл мектеп таза қазақ боп қалады деп кесімді сөз айттым. (Бір ресми мен шешетіндей)

Ең өкініштісі орыс сыныбын талап етіп отырған кілең қазақ. Сол қазақтың бірі жиналыстан шыққасын есік алдында тұрып, бүгінгі сөйлеген сөздердің бәрін түсіріп алдым. Толық видео жасадым. Ресейге, Путинге тіке жіберем, - дейді. (қазақ әйел).

Депутаттарымыздың көзін бақырайтып қойып, Путинмен қорқытты. Баратын жеріңе бар дедім күйіп кетіп...

Не дейін...