Get Mystery Box with random crypto!

Баладан үш тілді талап еткенде, ПЕДАГОГТЕН неге мемлекеттік ті | AYATZHAN / Мінез!

Баладан үш тілді талап еткенде, ПЕДАГОГТЕН неге мемлекеттік тілді талап етпейді, - дейді Дана Рау әріптесім.

Менің ойым:

Мемлекеттік мектептің директоры мемлекеттік тілді білуге міндетті!

Мектеп директорын тағайындау конкурсына осындай талап қосылуы керек.

Директор қай тілде сөйлесе, мектеп сол тілге басымдық береді.

Өкінішке, қазақ тілін білмейтін, керек етпейтін мемлекеттік мектеп директорлары бар!

Орыс тілінде түйіндеме жазған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін алғаш көргенде жылап жібере жаздағам. Қазір етім үйреніп барады... Себебі, көөп...