Get Mystery Box with random crypto!

Қарт тарих мұрасы, төл тумасы, Биіктеген бірлікпен ел тұлғасы. | AYATZHAN / Мінез!

Қарт тарих мұрасы, төл тумасы,
Биіктеген бірлікпен ел тұлғасы.
Жеті дәм, жеті кие астың түрі,
Наурыз құтты болсын көктем басы.

Наурызым ұлы күні ұлыстың,
Ата бабам бетін ашқан ұлы істің.
Қариялар жамбас пенен бас кесіп,
Нар жігіттер бәстесіп бүгін көже ішсін.

Тілеу тілеп, дастарқаннан көже ішіп,
Бата жасап сүрілерін бөлісіп.
Құтты болсын ұлт мереке – Наурыз,
Жеті дәмнен бастау алған төл ісім.

Жаңару мен жасарудың, мейірім мен жылудың символы, қақаған қыстың көбесі сөгіліп, Самарқанның көк тасы жібіген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Дастарқан толы дәм болсын!
Айтар қуаныш ән болсын!

Барыс жылы баршаңызға бақ қонсын!
Жолдарыңыз ақ болсын!

Аятжан Ахметжанұлы