Get Mystery Box with random crypto!

Біреулер оңбаған дейтін шығар, біреулер ұлтшыл дейтін шығар, д | AYATZHAN / Мінез!

Біреулер оңбаған дейтін шығар, біреулер ұлтшыл дейтін шығар, дей берсін. Бастысы қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, көп мекемелер қазақ тілін білмесе болмайтын жағдайға кетіп бара жатқанын түсіндіруге сәл де болса әсер ете алсам болғаны. Мейлі, сыртымнан сыбап боқтай берсін.

Бірде, мектепке бір компаниядан бір қыз келді, кәбинетіме кіріп, бір заттарын ұсынып орысша бұрқыратты. Сосын,
- қазақша сөйлейсіз бе, - деп едім.
- жоқ мен қазақша білмеймін деді.
- кешіріңіз, - мен орысша білмеймін. Я не понимаю по руский, - дедім. Көзі бақырайып кетті.
- как, ви директор, - дейді.
- иә, директормын, мемлекеттік тілді білемін, көршінің тілін білу талабы бізде жоқ, - дедім. Таңғалған пішінде шығып, хатшымнан шын ба деп сұрапты.

Яғни, орыс тілін білмейтін адам басшы болмайды деген сана сіңіп кеткен. Түсіне алмай таңғалып тұр.

Мен ішімнен қуандым. Дұрыс болды, қазақ тілін білуі керек екенін түсінді деп ойладым.

Білмеймін, орыс тілінсіз жақсы өмір сүруге болатын, жетістікке жетуге болатынын дәлелдегім келеді. Дәлелдеп жүрмін, жалғасты дәлелдей берем деп сенемін.

P.S. Қазақстанда қазақ тілін білмей мемлекеттік қызмет істей алмайтын, қазақ тілсіз бизнес жасай алмайтын күнге жету керек. Сонда ғана қазақ тілі дамиды.

Келісесіздер ме?