Get Mystery Box with random crypto!

​​Демалыста саясат соғалық... 2022 жылы ел үшін бір қатты өзг | AYATZHAN / Мінез!

​​Демалыста саясат соғалық...

2022 жылы ел үшін бір қатты өзгеріске толы жыл болды ғой. Қаңтарда басталған саяси оқиғалар жазғы уақытта біраз саябырсығанмен, күзде қайта қызады-ау.

Күзде партия құратындар саны әлі де біраз артатын секілді. Бірақ партия құрам дегендердің тіркеуден өткенін көргенім жоқ.

Өмір ағам: ұстаз ешқандай саяси партияның мүшесі болмауы керек,- деп үнемі айтып жүр. Бірақ елдегі ұстаздардың басым бөлігі - бір партияның мүшесі. Соның кесірінен сайлау кезінде ең көп сын біздің әріптестерге арналады.

Өз басым өмірімде ешқандай партияға мүше болмадым. Кезінде мұғалім болып жүргенде бір рет ұсыныс түсті, бас тарттым. 2020 жылы директорлық лауазымға келгеннен екі айдан соң тұңғыш президент күнінде арнайы мүшелік билет алу ұсынысы болды, тағы бас тарттым.

Өткенде жаңадан құрылатын бір партия лидерлері кездесуге шақырып, партия құрылтайшыларының қатарында болып, бірлікте жұмыс істеуге шақырды. Одан да бас тарттым.

Бастысы екі себеп. Біріншіден, біздің басты жұмыс - ұрпақтың білімі, тәрбиесі, сол бағыттағы зейінді шашыратпай сонымен айналысу.

Екіншіден, мен кез келген уақытта партияға кірсем, ұлттық демократиялық партияға кіремін деп ойлаймын. Басқа бағыттағы партияларға ұстанымым сәйкес келмес.

Жалпы “сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады” деген сөз бар ғой. Бірақ бәріміз әр түрлі деңгейдегі саясатпен айналысып жүрміз.

Біздікі елдің білім беру саясаты. Сол дұрыс болса деп барымызды саламыз, ол үшін елдегі бүкіл саясат дұрыс бағытта болуы керек. Себебі бәрі бір-бірімен қатысты. Бірақ бүкіл саясат ұлттық демократиялық бағытқа жақында бұрылмайды-ау деп қорқамын.

Мектеп жиналғанда парламент қоса жиналады. Бірақ оқушылар бірінші тоқсанға тарамай жатып, парламент тарап кетеді-ау... Сосын қысқа таман тағы сайлау болып жатса таңғалмаймын. Сол үшін қыркүйекте жұмысқа кіріскенге дейін әріптестер партия мүшелігі туралы ойланып алсын деп жатқаным ғой. Келесі сайлауларда күйе жағылмас үшін қыстың қамын жаз ойласын деп жатқаным ғой.

P.S. тамыз айында жұмыс қызып кетеді. Бос кезде саясат соғып қалайық)