Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуы | AYATZHAN / Мінез!

Қазақстан бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.

"Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлап келеміз. Әлі өтініш беріп үлгермегендер 1 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді, сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар.

Балаларды қазақ сыныптарына қабылдау бойынша жоғары көрсеткіш Қызылорда (89,7%), Батыс Қазақстан (85,4%), Маңғыстау (87,6%) және Жамбыл облыстарында байқалды.

Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова