Get Mystery Box with random crypto!

Синхрон аударма ісінде 'split attention' - қосарналы зейін дег | Жергілікті аудармерия

Синхрон аударма ісінде "split attention" - қосарналы зейін деген дағды бар. Яғни зейініңізді екі арнаға айыра білу қабілеті. Тыңдау, есте сақтау, түсіну, дұрыс аударма табу, оны айту, соны айтып жатқан мезетте келесі ақпаратты тыңдап, есте сақтау.
Осының барлығын жасап отырып, аудитория көңіл-күйін, дауыс ырғағыңды т.б. ұсақ түйек дүниелерді бақылап отыру.

Бір уақытта екі (не одан да көп) тапсырманы орындауды талап ететін жоғары деңгейлі шеберлік. Мысалы, көлік айдап отырып, жолаушымен сөйлесу немесе жаңалық қарап отырып кешкі ас ішу.
Алдыңғы тақырыпта ми бірнеше тапсырманы бір уақытта жасай алмайтыны дәлелденді деген ой айтылды. Соның қаншалықты рас екені қызық. Зерттеу қалай жүрді? Тапсырма ретінде нені алды, өлшем бірлігі қандай? Қандай құралмен өлшеді?
Себебі ми қызметіне қатысты нәрселерде "дәлелденді" дегенге әсіресе "ғылыми" дегенге аса күмәнмен қараймын.
Сіз не ойлайсыз?