Get Mystery Box with random crypto!

Негізі ағылшыннан орысшаға қисық-писық немесе үш-төрт сөзбен а | Жергілікті аудармерия

Негізі ағылшыннан орысшаға қисық-писық немесе үш-төрт сөзбен аударылатын, не мүлде аударылмай латинизммен құтылатын сөздеріне қазақтың сөздік қорынан дәл түсетін балама тапсам, аударгазм алам.
Өзімнің ұсақшыл түйсігімнің тар майданында Империяда кеткен есем қайтқандай марқайып қалам.
Білем, ғалым адамға саяси сезімге беріліп, бөтен тілге мысықтілеу болу этикаға жат екенін, бірақ сондай guilty pleasure*-ым бар.
Жатарға бір миқатырық (сондай сөз бар ма еді өзі?) болсын.
Guilty pleasure* - сөзіне қазақ тілінен лайықты "күйеу бала" қарастырайықшы қорымыздан.
Жасырын әдетім?
Арсыз әдетім? (Үш арсыз- ұйқы, күлкі, тамаққа сілтеме)
Ұрын ләззатым?
Жағымды айыбым?
Құпия құмарым?
Әуейі әуесім?

* Жақсы көретін, бірақ жұрт біліп қойса, ұят болатын әрекетің"
#guilty_pleasure