Get Mystery Box with random crypto!

Берілгені: Are women better than men at multitasking? Действит | Жергілікті аудармерия

Берілгені: Are women better than men at multitasking?
Действительно ли, что женщины более многозадачны чем мужчины.
Сөздікті қараймыз,
English: Multitasking
Русский: Многозадочность
Қазақша: Көптапсырмалылық
Бәрі орнында.

Тек бірдеңе жетіспей тұр қазақшасында. Термин технология саласынан психологияға бас жіпсіз кіріп кеткен (гуглдат "зависть к физике", — әлеуметтік ғылымдар өз құбылыстарына тиянақты кескін беру үшін нақты ғылымдардан термин ұрлайтыны бар).
Ендеше, термин сөз деп жармаса бермей, төте жолмен жүруге болады.

Бір қадам артқа шегініп, не айтқысы кеп тұрғанын ұғайық.

Сонда бұл жерде әйелдің үлгерімпаздығы туралы айтылғанын байқаймыз.
IT саласында да multitasking процессордың бірнеше тапсырманы бір уақытта орындап үлгеретіні туралы.
Ендеше, лық, лылық, лылылық деп өзімізді де, жұртты да қинамай:
"Әйелдер үлгерімпаздыққа еркектен артық бейім бе?" -десек те, ешкімнің сервері құламайды.
#multitasking #многозадачность #үлгерімпаздық