Get Mystery Box with random crypto!

Ағылшынша ауызша айтылған мақал қазақшаға соған ұқсас не жақ | Жергілікті аудармерия

Ағылшынша ауызша айтылған мақал қазақшаға соған ұқсас не жақын қазақша мақалмен аударылғанын қалар ма едіңіз әлде нақты мағынасы қарапайым тілмен түсіндірілгенін қалайсыз ба?
Сұрақты ермек үшін қоймадым.
Ауызша аудармашылар арасында осындай бөлініс бар.

Бірі мақал-мәтел, фразеологизмдерге ұқсас балама іздеуге тырысады. Тапса, ондай аударма шешеннің аузынан шыққандай "естіледі". Әлбетте, мықтылығын паш ету үшін.

Екіншісіне шешендігімен жарқ ету емес, тыңдаушы жетесіне ақпаратты барынша анық жеткізу маңызды, яғни мезетінде таба қойған тұрақты тіркесіңді не бір терең мәнді мақалыңды тыңдаушы естімеген, естісе де оның мәнін сен ұққандай ұқпауы да мүмкін ғой.
Орысша-ағылшынша бағытта ілесіп аудару кәсібінің ардагері Андрей Фалалеев, мысалы, ауыспалы мағынасы бар мәтелдерге, фразеологизмдерге ұқсас балама іздеп әуре болма дейді.

Бұл жерде, меніңше, сөздік қорға, шартты бір тілдің әлеуетіне адал болу мен алдыңда тұрған тыңдаушыға адал болудың қайсысын таңдайтыныңа байланысты сияқты.