Get Mystery Box with random crypto!

men❤️‍🩹

Telegram арнасының логотипі arynqunanbai — men❤️‍🩹 M
Telegram арнасының логотипі arynqunanbai — men❤️‍🩹
Арна мекенжайы: @arynqunanbai
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.36K
Арнадан сипаттама

insta: aryn.qunanbai
☕️ шай ішіп отырып оқитын оқшау ойлар
🕯 көрген-білген, жиған-терген
🖇 таным-түсінік, ой-толғау
❤️‍🩹 жүректен жүрекке

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-07-03 10:17:14 (2) көкірекке адамдықтың шамшырағын тұтататын, нұрын жағатын – ұстаз ғой... мәңгілік нұрдың шамшырағы.
Ұстазымның бір ауыз сөзі менің көзімді ашты, көкірек көзімді. Көкжиегімді кеңейтті, дамудың даңғыл жолына салды. Талабымды байқап, арқамнан қағып, маңдайымнан сипаған тілекші жандар көп болды.

Көзімдегі көңілді, ойымдағы балалықтың, бойымдағы шалалықты көрді. Жол көрсетті, жүрдік. Айтты, қағып алдық. Жаман болмадық, шүкір.
Айтпағым – ұстаз деген жанам деген жүрекке от беретін, есін енді жинай бастаған өрімтал жастың еңсесін тіктеп, жігерін жанитын Жанар апай секілді жан болу керек. Кім болсаң да, тілекші бол. Алла сауапты іске себепкер қылады сонда.
Жүректің түбіне терей бойлай алатын адам болайық.
1.4K viewsAryn Qunanbai, 07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 10:17:14 «Рақмет, Жанар апай!» немесе мен қалай филолог болдым?

Кішкентайымнан әдебиетке әуес болдым. Өрнекті өлең, кестелі сөз, орамды ой мені тартты өзіне, бойымды баурады. Біле білсеңіз, қазақта тектіліктің тізгіні тіл арқылы беріледі. Қарттары заманын ойлап бәйек айтса, сөзі дәйек болатын. Бір қарияның кесімді сөзі елімді, бір кемпірдің кесімді сөзі келінді тәрбиелейтін...сондай уыздай ұйыған ауылда өстік.

Шешіле сөйлеген, кең көсіле өнеге айтқан талай зиялының зерделі сөзін оқыдық. Тілімде халқымның дария даналығы, теңіздей тарихы жатқанын сезетінмін.
«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?
» деген Абай атамның аталы сөзі және бар... содан не керек, тілші, лингвист болдық.
Енді кішігірім лирикалық шегініс жасайықшы.

8-сыныпта жүріп ҰБТ-ға дайындала бастадым – жатпай-тұрмай іздендім, 11-сынып оқушыларынан қалған-құтқан кітапшалардың бірін қалдырмай үйге алып кетіп жүрдім, тестілеуден гөрі, үлкен өмірдің өзіне дайындалғандай болған екем қарап отырсам.
Кітап кеміріп, сұрақ жаттап, жауабын іздеп таңға дейін шұқшиятынмын. Менімен қатар балалар әңкиіп-сәңкиіп жүрген кезде, мен күрделі мәселелерге бас қатырып, өзімді өзім іздегендей болған екем.

Мамандығымды біраз таңдадым, талғадым. Айналып кеп физиканы, тағы біраз жүріп биологияны, болмаған соң химияны да көрдім. Ешбірі жүрекке жақпады, көңілге қонбады. Болашағымды, бітім-болмысым мен қарым-қабілетімді аталған пәндермен байланыстыра алмадым. Біздің кезімізде ұлдардың ауданы физик, қыздардың біразы биолог-тұғын. Мен іштей екеуін де қаламадым. Сасқанымнан ағылшын тілінің де басын шалып көрдім, болмады. Іздей бердім... баламысың деген...сол кез әлі есімде.
Бала шақтан болашаққа... бір күні менің өмірімді жүз сексен градусқа бір-ақ өзгерткен (деп қояйыншы) бір қызық оқиға болды.

сол көрініс қаз-қалпында санамда сайрап тұр – ауыл, лайланған кең көше, мектеп кезім, сәби жүрек, ізденуші, талапкер, аңғал-саңғал кезім, ықыласым таза, пейіл пәк, зейінім зор кез.

Физикадан сабақ беретін Жанар апай Ілиясқызы деген кісі болды. Тыңқиған, ұқыпты, зерек адам еді. Жаңашылдықтың көрінісі еді. Ұстаз еді. Сол кісі мені қолдаушы еді, болсыншы деп жүрген апайым еді.
Менің «қиналып» жүргенімді көріп, Марал деген қыздан сәлем айтып жіберіпті. (сәлемін жеткізген Марал қызға мың рақымет!)

Ұстазымның сәлемі менің әлемімді түбегейлі өзгертті: «Арғынбек әдебиетке жақын бала ғой. Неге әдебиет таңдамайды осы? Тілі жатық, жаза алады, сөйлей алады, икемі келеді...әдебиет таңдасын. «Алтын белгісін» алсын» депті.
Оны естіген мен аң-таң. Кейін есіме түссе күлем.
ӘДЕБИЕТТІ ТАҢДАУ ПӘН РЕТІНДЕ КӨРСЕТУГЕ БОЛАТЫНЫН мен естімеген екем, бесінші пән ретінде ҰБТ-да бар екенін де білмейді екем... көңілімді қуаныш кернеп, жүрегім жылып қалған сол кезде. Бала болсам да... мәзбін. Бұрын неге ол туралы ойламағам, неге сұрамағам?

Қызық, тек қана физика, биология, химия, география секілді пәндерді ғана таңдауға болады екен ғой деп қана жүре берген екем. Сосын әдебиетті таңдадым, қасық тілмен қаймақ сөздің қаспағын қырған, салиқалы ойдың сөлін сорып, сорпасын сапырған талай-талай ақын-жазушылардың, публицистердің, қарымды қаламгер, алымды сөз зергерлерінің туындыларын беріле оқи бастадым.
Өзімді тапқандай болдым, бойдағы талант пен талапты дұрыс арнаға бұрғандай болдым. Бір ғана сөз...

Жанар апайдың біреуден айтып жіберген сөзі... мені өзгертті. Ол кісі себепкер ғана. Мен де ол себепті “оқи” білдім…
Ол кісі мені әдебиеттен дайындамады, кейін тіпті маған сабақ та берген емес, тек тілекші ұстаз болды. Мені тіл-әдебиеттен ҰБТ-ға дайындаған ұстаздарым басқа кісілер.

Соның өзінде менің талаптануыма, бағытымды айқындап, бағдарымды таңдауыма сеп болды. Бір ауыз сөз….
«алтынды» да алдық, грантқа да түстік, оқуды да оқыдық, шүкір Аллаға! Филфакқа да түстік. Филологтар даярлаймыз қазір...
Оқытушымыз.

Ойқазанда біраз уақыт жатқан түйдек-түйдек ойлардың түн ішінде төгілген түрі... ойдың бұлағын, тілдің тиегін ағытқан түрім.
(1) тектілікті тіл арқылы түйсінген қара бала ғана елінің ертеңі үшін қызмет етеді... осыны ұмытпайық.
1.4K viewsAryn Qunanbai, edited  07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 07:34:04 пейілі тар адамдар сондай сүйкімсіз көрінеді…
ең сорақысы – не өзгеге пайдасы жоқ, не өзін жарылқап жарытпайды.
пейілі тарлық – қорлық.
1.5K viewsAryn Qunanbai, 04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 18:48:24 менің сіздерге жазуым да, сіздердің маған жазылғандарыңыз да – себеп.

және ол кездейсоқтық емес.
тіпті ұйықтап қалғаныңыз, қолыңыздың күйіп қалуы, біреудің сізді итеріп жіберуі, күткеннің болмай қалуы, сағынуыңыз, жалығуыңыз, қуану, жұбану, іздеу, табу…
тек себеп.
“Алла не себепті сіздерге мені оқытқызып отыр?”
“мені неге сіздер үшін жазушы қылды?”


күшті сұрақ…
3.3K viewsAryn Qunanbai, edited  15:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 18:42:42 мен де, сен де себептер әлемінде өмір сүреміз.
себепкерміз, себеппіз, сеппіз.
себепсіз ештеңе жоқ.
бәрінің, барының себебі бар.

кешіккеніңнің себебі бар.
өшіккеніңнің де себепкері бар.
құлауың да, жылауың да – себеп.
сынақтың да себебі бар, жұмақтың да себебі бар.
жамандықтың да, амандықтың да себебі бар,
Алланың есебі түзу ғой...
керек кезде себепті де, себепкерді де жібереді.

біздің міндет – себебін жасау, салдарын түсіну, қабылдау, өз-өзімізге сеп болу.
өскеніңнің себебі – сенгенің.
берекенің себебі – еңбегің.

жоқшылықтың себебі – өзің.
күнәнің себебі– сөзің.
есендігің анаң себепті.
тыныштығың әкең себепті.
себеп, себеп, тағы себеп.

МәшҺүр Жүсіп Көпейұлы атамыздың еңбегінде осыған қатысты қызық ой бар екен.
Алла – Мүсәббиб” дейді атамыз.
себептерді жаратушы деген сөз.
ал себебін кім істейді?
себебін сен істеуің керек.
себепкер болатын – сен.


кей кездері сен өзгерткің келетін жағдаяттарды Алла сені өзгерту үшін жіберген.
оны өзгертем деп біз әуре… негізі ол сені өзгертуі керек еді.
себеп еді.
тұтылмайтын едің, құтылатын едің сол себепті дұрыс түсінсең.

себеп – сені сүйеді.
себеп – саған ол жағдайды жібермегенде күнәға батар едің.
себеп – Иеңді танымас едің.
“себепке” сеп болайық деген осы…
“не себепті?” деген сұрақ дұрыс қойылса – жауабыңыздың жартысы дайын…
3.8K viewsAryn Qunanbai, 15:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 07:51:35 адамдардың ең байы болғысы келген адам Алланың алдындағы байлыққа қолындағы байлықтан да көбірек сенуі керек.

садақасына көбірек үміт ететін, қияметтегі қазынасына жинаған байлығына көбірек сенетін адам – жомарт адам…
4.3K viewsAryn Qunanbai, 04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 12:55:45 ұйықтасаң да күнәдан тыйылу үшін, тынығу үшін ғана ұйықта.
қырсықсаң нәпсіңе қырсық, шайтанға қырсық.
жамандыққа шақырғанда жалқаулан, кейін тарт.
3.6K viewsAryn Qunanbai, 09:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 12:24:44 жігітті кедейлікке апаратын үш тамыр:
шынтақтағы маубастық,
желкедегі қырсықтық,
құйрықтағы жалқаулық.
3.6K viewsAryn Qunanbai, edited  09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 19:10:13 рух – тәрбиеленген нәпсі.
нәпсі – тәрбиеленбеген рух.

(ал, түсініп көр)
4.4K viewsAryn Qunanbai, 16:10
Ашу / Түсініктеме