Get Mystery Box with random crypto!

men❤️‍🩹

Telegram арнасының логотипі arynqunanbai — men❤️‍🩹 M
Telegram арнасының логотипі arynqunanbai — men❤️‍🩹
Арна мекенжайы: @arynqunanbai
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.36K
Арнадан сипаттама

insta: aryn.qunanbai
☕️ шай ішіп отырып оқитын оқшау ойлар
🕯 көрген-білген, жиған-терген
🖇 таным-түсінік, ой-толғау
❤️‍🩹 жүректен жүрекке

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-08-07 15:30:01 бәрімізде белгілі бір деңгейде білім бар.
бірақ!
ілім-білім “мен білімдімін” деп айту үшін берілмеді.
біліммен мақтану үшін берілмеген.

ілім – ілімнің Алладан екенін білу үшін ғана берілген.

тану деген осы
4.3K viewsAryn Qunanbai, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-07 15:25:09 құлшылықтың тағы бір аты – мұқтаждық.
түбінде айналып кімге мұқтаж екеніңді білуің – түпкі діттем.

мысалы, ораза.
адам тамағы жоқ болғандықтан емес, тамақтың кімнен екенін білу үшін ауыз бекітеді.
ішкені алдында, ішпегені артында болса да, Алла алдында адамдар бір екенін, барлығы мұқтаж екенін сезіну үшін құлшылық жасаймыз.
мұқтаждықты есіңе бір аласың.
мұқтаждарды жек көрмеу үшін, түсіну үшін өзің де бір уақ құлдық ұрасың.

тіпті ішетін сүтке де мұқтажбыз.
ағзаға қажет.
сүтті сауып алатын сиырдың жейтін әр шөбіне де мұқтаж екенбіз.
бірақ сиырда сүт шығарар білім жоқ болғандықтан, Алланың шексіз шеберлігінен адам ағзасына қажетті, БІЗ МҰҚТАЖ сүтті шығарып береді.

мұқтаждық – ееең жақсы, ееең жоғары, ееең кемел құлшылық.
3.8K viewsAryn Qunanbai, 12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-07 15:12:14 хикмет
…адамдар Алланың “Шәәфи” есім болғандығы үшін ғана ауырады.
Ауырған адам Алланы таниды…
Егер Алланың “Шәәфи” есімі болмағанда адам ауруды да білмес еді дейді ғалымдар.

әр нәрсенің жаратылу хикметі болады, ар жағында айтар ойы, жеткізер хабары болады.
бірақ!
Абайша айтсақ, ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес.
3.1K viewsAryn Qunanbai, edited  12:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 19:05:03 шүкір-ризық

Алла барлық ризықты біздің жасаған шүкіршілігіміз үшін беріп жатыр ма?
Әлде…
Барлық ризық біз шүкір ету үшін берілген бе?

Барлық ризықты біз ШҮКІР ЕТІП, Алланың РАЗЗАҚ есімін тану үшін беріледі.
әйтпесе Алладан келген ризыққа шүкір ете алмай, шамамыз келмей, ақылымыз жетпей, сұраққа қалушы едік…

байқасаңыз, “шүкір” сөзімен бірге үнемі “ету” етістігі жүреді.
демек, шүкір – іс-әрекет, жай сөз емес…
Жаратушымыз жер мен көкке адамды икемдеп жаратпаған, адамға икемдеп жер мен көкті жаратқан.
адамның асқазанына орай тамақты жаратқан, тамаққа икемдеп асқазанды емес.
табиғатты жаратып, сосын сол табиғатқа икемдеп адамды жаратпаған.
адамды жаратқан соң, табиғатты бізге икемдеп қойған.

бізге ыңғайлы қылған.
қарасын да, ойлансын деп… шүкір етсін деп.
біз үшін.
жерді, тауды, аспанды, гүлді жаратқан.
оның да шүкірі бар.

шүкір – әрекет, сөз ғана емес.
Әрбір нығметтің шүкірі сол нығметтің өзімен жасалады…
“Шүкір” деп қоя салғаныңыз шын шүкір емес, қарекет емес.
345 viewsAryn Qunanbai, 16:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 09:09:21 жыл сайын тісімді тексертетін әдетім бар.
ондағы ойым – Құдайдың берген маржандай тістерін таза, сау сақтау.
бір тісімді емдейтін болдық. неше бардым сабылып.
тексерістен тексеріс.
қаладағы ең мықты емхананы таңдадым әдейі.
жағыңды сағаттап ашып жатасың, шұқшиып аузыңа екі кісі тесіліп қарап, үңіледі, бұрғылайды, бұрайды, егейді дегендей)

екі нығмет – уақыттың да, денсаулықтың да қадірін жақсы түсіндім.

содан не керек, ауруды сездірмеу үшін жансыздандырғыш дәрі екті.
иегімді, сол жағымды сезбей қалдым, өзіме бағынбайды)
езуім қатты да қалды, бір жағы ғана жыбырлап.
су ішейін десем үстіме ағып, төгіліп маза кетті,
себебі ерін бағынбайды.
ееее, ернімді өзіме бағындырған Алла-ай, шүкірлер болсын саған дедім)
екі сағаттан соң ғана қалпына келіп, жүзім жайнап, есім кірді.

шынайы шүкір көп бәленің бетін қайтарады.
бізге білінбейді ғой, бірақ Алла біздің әр дене мүшемізге жауапты етіп періште тағайындап қойған, ең көркем жаратылысын, сүйікті құлын қорғайтын жүздеген періште бар айналамызда…
әр бұлшық ет, сіңір, сүйек, тамыр, жүйкемізді ең көркем, ең шебер үлгіде жаратқан…
745 viewsAryn Qunanbai, edited  06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:19:36 ысырапта жақсылық жоқ, жақсылықта ысырап жоқ.
872 viewsAryn Qunanbai, 11:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 16:20:48 құрбан айтта қоймен қоса нәпсіні де бауыздау керек.
қоймен қатар нәпсіні де құрбан ету керек.
құрбандыққа қоймен қатар жаман ойды да шаласыз.

құрбандық – сіздің ықыласыңыз Алланың құзырына көтерілетін уақ.
ал ықылас – тек Аллаға мәлім сыр.

өзің мұсылман, нәпсің кәпір болса бекер…
175 viewsAryn Qunanbai, edited  13:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 20:58:12 бұлдыр, былдыр, шүлдір…

бүгінде сойы қазақ, ойы орыс, санасы саяз, танымы таяз, өзі қазақ, сөзі орыс дүбәра, мәңгүрт, “жарымжан” жандар баршылық…
біле білсеңіз, қазақта тектіліктің тізгіні тіл арқылы беріледі. қарттары заманын ойлап бәйек айтса, сөзі дәйек болатын. бір қарияның кесімді сөзі елімді, бір кемпірдің кесімді сөзі келінді тәрбиелейтін...аталы сөзге арсыз таласады.

өзі, әке-шеше, жеті атасы, өскен-өнген ортасы, әулеті, көрші-қолаң, жора-жолдасы, түп-тұқиянына дейін қазақ бола тұра, нан тауып жеп отырған тілі қазақ тілі бола тұрып, тілін бұрап, түрін жасап, екіжүзділеніп, жасандылық (!) танытып, өз тегінен өзі тіксініп, өз анасының тілін тілім-тілім етіп жүрген жартыкештер жетерлік.

олар өздерінің бейшаралығын білмейді, құлдық сананың қақпанына түскенін сезбейді.
бөтен болмыс, бөгде тіл, өзіндік ештеңең жоқ…”құл” емегенде кімсің?!
тілің – тінің, дінің, ділің.
діл деген –менталитет.


өрнекті өлең, кестелі сөз, орамды ой, халқымыздың дариядай даналығы, теңіздей терең тарихы ондай адамдарға қызық емес, пысқырмайды да.
олар білмегенсиді және соны жөн, сән көреді ғой)
олар екіжүзді кісілер, екітілді дегеннен гөрі осы дұрыс.
(жаратылыста жыланның ғана екі тілі болады)

мен тек тілін, тегін танығысы келмейтіндерді емес, біле тұра “білмей қалатын”, бөтен тілде былдырлағанды СӘН көретін, санасы әлі де бодандықтың бұғауында жүрген қазекемдерді айтып отырмын.

қараңыз, орысша сөйлесем мықты, интеллигент, заманауи, озат, әдемірек көрінем деп ойлайтын кісілердің өзіндік құндылығы, қадір-қасиеті жоқ. өзін жырғатып жақсы көрмейді деген сөз.
өз тегінен кім безінеді?!
сондай салғырт кісілер.

тіл деген жай ғана құрал.
ненің құралы?!
дәстүрдің кілті, білім-біліктің бастауы, тектіліктің тетігі, тәрбиенің тұнығы, дүниетанымның діңгегі, құндылықтың құралы.
міне!
ал өз тілін білмейтін кісілердің санасына мына ұғымдардың ешбірі сіңбеген, жарымаған, көрмеген деген сөз.
уызына жарымай қалған баладай.
жарым-жарты, мәңгүрт, дүбәра,
болмысы бұлдыр, тілі былдыр-былдыр, сөзі шүлдір-шүлдір…

орысша пост жазам, сториз салам, орысша ойлаймын, өзімді орыстарша ұстаймын деушілер, бөтен біреудің тілінде сөйлейтіндер бір уақ ойланса деймін…
390 viewsAryn Qunanbai, 17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 20:55:39
410 viewsAryn Qunanbai, 17:55
Ашу / Түсініктеме