Get Mystery Box with random crypto!

жалғасы… нәтиже үшін жұмыс істемеу керек. Нәтижені сен үшін | men❤️‍🩹

жалғасы…

нәтиже үшін жұмыс істемеу керек.
Нәтижені сен үшін ыңғайлайтын Алла разылығы үшін жасау керек. “Оқы!” ,– деді ме? Болды, оқы!
Міне, осы жерде шайтан оң жақтан жақындайды пендеге. Неше түрлі аят, хадисті есіңе салып, есеңгіретеді – өзің үшін, нәпсіңе жаққандығы үшін ғана ғибадат-құлышлық жасатқызады.
ал пенде ондай құлышлықтан бірде болмаса бірде жалығады… тастайды.
Алла үшін жасалатын амалдан адам шаршамайды.

нәпсімен күрес – ееең үлкен күрес.

бір адамды өзіңнен төмен санау саған күнә үшін жеткілікті. Ал күнә күпірлікке апарады. Осыны есте ұстау қажет.
Жәндіктердің өзі жасамайтын нәрсе – олар бір-бірінің сыртынан күлмейді, төмендетпейді, келемеждемейді.
Ешкімді төмендетпе! Өзіңнен төмен санама! Пайғамбарымыз өлікке де орнынан тұрып құрмет көрсеткен. Тіпті яһудидің. Мұмылманның емес. Неге?
Себебі оның заты – Алланікі еді.
Ал Алланың жаратқаны – ұлы Шебердің туындысы. Оны біздің төмендетуге қандай хақымыз бар?)
Адамның өзін емес, оның іс-әрекетін ұнатпауға болады.
Себебі ол іс-әрекетті Алла ұнатпады. Мен де ұнатпаймын. Бірақ адамды жек көруге болмайды.

адам өзгелерді кінәлауды, жазғыруды, төмендетуді, жек көруді, кектенгенді тоқтатқанда ғана нәпсінің екінші деңгейіне шығады.
ол адамның бәрін асыл, жан біткеннің бәрін жақсы көреді.
“Бәрі жақсы, мен жаман.
Бәрі бидай, мен сабан” ,– дегендей.

ешқашан сұрақ қоюды тоқтатпа. сұрақ қоюды тоқтатқаның – ойланудан қалғаның.
قلب
(жүрек) сөзінің түп мағынасы
құбылмалы, ауыспалы, өзгермелі” дегенге саяды… иман жоққа ұқсайды, бірде бар, бірде жоқ.
жүректегі иманды сәт сайын тексер, жаңарт.
Алла 1 секундта жетпіс рет қарайды жүрекке. Пайғамбарымыз күнәсіз, пәк бола тұра күніне жетпіс мәрте кешірім сұраған Алладан, пана тілеген.

”мұсылман” сөзінің төркіні “тәслим” сөзінен тараса керек. Ал “тәслим” дегеніңіз “өзін толық Аллаға тапсырған” дегенге келеді. Мұсылманның әр әрекеті тек Алла разы болатын істер.

әрекетсіз иман күшеймейді.
пайдасыз әдет, қауіпті қылықтан құтылу үшін жақсы амалдар санын арттыру маңызды.
бір жақсы амалдан соң кідірмей екіншісіне көшкен жөн.
Шынайы, кәміл иман әрекет, амал арқылы ғана келеді.

әулие адам – Алла оның нәпсісіне разы, оның нәпсісі Аллаға разы адам. Өмірге де, өлімге де разы. Өлімнен де, өмірден де ләззат алатын адам.