Get Mystery Box with random crypto!

Төребек ағайдың семинарынан түйген оймақтай ойлар: (өздеріңіз | men❤️‍🩹

Төребек ағайдың семинарынан түйген оймақтай ойлар:
(өздеріңіз барып көріңіздер.
кеңес берем)

Алла адамды жаратты да, бірден сұрақ қойды, демала тұр демеді. Ойлануға итермеледі.
Жан-жануарға берілмеген нығмет – ойлану, ой жүгірту, терең ой.
“Ақыл иелері, … ойланбайсыңдар ма?”– деді.
әрекет – берекет.
үнемі сұрақ қой – ойлану үшін.
Кім үшін?” деген.

өзің сасық батпаққа белшеңнен батқансың – бәрін сасық деп ойлайсың, бәрін батпаққа тартасың.
Абайша айтсақ, “өзі шошқа өзгені ит деп ойлар”.
өзі Патша, өзгені құл көреді.
бұл батпаққа батқан жәндіктің ойы. 1-нәпсінің халі.
2-нәпсіге шыққан адам “өзі туралы жақсы ойлайды, өзгені өзінен де жақсы екен деп түсінеді”.

адамда өзін жазғыруға хақы жоқ. Адам өзін де, өзгені бағалай алмайды, жазғыра да.
“Мен қателікті қабыл етем, мойындаймын. (Тіпті) Өзімді кінәлай алмаймын”
Ондайға рұқсат жоқ менде.
кімнің кінәлі екендігі Сот күні анықталады және оны Ол шешеді.