Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-06-03 17:47:05 Бұрын жұрт қазақша клавиатура қолданбай, казакша ариптермен жазғанда "Бұғазақ түзелмейд" деп түңілмей, түзетуге тырысып едік. Кейін сол ағаттық жойылды. Жұрт қате болса да, қазақша әріптермен жазады қазір.
Сол сияқты құлдық сана шынжырынан босап, өз тілдерінде арланбай сөйлейтін кезге де жетеміз
153 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 10:14:45
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы (бұрынғы Ганюшкин), Зормата ауылының маңына киіктер көшіп жатыр екен.
Бұл аймақта бұрын көп киік болмайды екен. Биыл киік көбейіп, қоныстану мекендерін кеңейтіп жатқан сияқты
165 views07:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 09:38:05
Ертең 4 маусым 19:30-да қазақша куиз бар.
Келіңіздер!
174 views06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 12:09:08
Кино мен музыканың тілге қатысы туралы кешегі бағдарламадан үзінді
137 views09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 10:33:23 Соғыстан әсіресе Буча қырғынынан пайда болған өшпенділік жаңа сипат алып жатыр.
Украиналық ІТ кәсіпкерлер (хакерлер, криптошылар) 1 млн usdt бөліп, Бучада талай адамды өлтірген қылмыскерлерді және туысқандарын іздеп жатыр.
Солардың бәрін өлтіріңдер дейді.
Әр қайсысының бағасы жазылған. Ішінде ұлты қазақ жігіт және туысқандары бар.
Бучада болғандардың тізімін тапқан, одан кейін желідегі профильдерін, фотоларын, туыстарын тапқан.
Ешқандай заң, ешқандай аяушылық жоқ. Қорқынышты нәрсе әрине.
Алғашқы нәтижелері шығатын болса, тіпті қорқынышты болатын сияқты.
https://inferno.army
199 viewsedited  07:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 19:23:48
Хабарда 22:30-да жаңа подкаст бағдарлама қонағымын. Бүгін алғашқы эфирлері екен.
Көрейік
95 views16:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 11:43:07
Бүгін түнде Украина қарусыз шайқастарының біріне шығады. Әлем Чемпионатына іріктеу плейоффында қарсыласы - Шотландия. Бұдан өтсе, соңғы шайқас Уэльспен.

Бүкіл әлем қазір футболда да Украинаның жеңісін тілеп отыр. Төрт жылда бір келетін Мундиальға кім қатысқысы келмесін? Шотландия да, Уэльс те оларды аяп, бере салмайды.

Матчтың фавориті - Шотландия. Өз алаңында ойнайды. Украинаның дайындығы жақсы емес. Егер басқаша жағдайда және басқа жерде өтсе, Украина фаворит болар еді.

Бүгін рухпен алып шығады деп сенемін. Матч Астана уақытымен 00:45-те. Спортбарда қарайтындар болса, адрес жіберсін. Бірге қарайық
123 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 09:38:00 Бала деген жақсы ғой. Өсе бастаған кезде қолғанатың бола бастайды. Сібетті сөндіреді, пультті алып береді, телефонды зарядкаға қояды. Кейін дүкенге жұмсайсың, мусор төккізесің, бала баққызасың. Жаңа ойыншықтарын алдымен өзің ойнап көресің, тәттілерінен бір тістейсің, үлкендер берген ақшасынан шамалы аласың кейде. Бүгін мейрамдары ғой. Құттықтаймыз!
132 views06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 08:57:35 Бір досымның пікірінше, Қайрат Нұртастың феномен болуы - ерінбей ауылдарды аралауында.

Әлі танымал болмай тұрған кезінде республиканың түкпір-түкпіріндегі ауылдарға барып, концерт қойыпты. Ауылдағыларға қандай әнші келсе де мейрам, айтқан әнін тыңдай береді. Ал сол кезде көтеріліп жатқан Еркін Нұржановтар кез келген жерге бармайтын болған екен. Уақыт өте келе бәрі Қайрат Нұртасты танитын болыпты. Өйткені ауылдарына келген әнші.

Ласковый май тобының 90-жылдары Мәскеу вокзалдарында пойыз жолсеріктеріне тегін кассета таратып, бүкіл елге танымал болғанындай рас болуы мүмкін
387 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 16:00:08
Қай мемді қайталағыңыз келер еді?
156 views13:00
Ашу / Түсініктеме