Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.92K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 127

2023-01-15 14:10:48
Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

t.me/aqorda_resmi
9.3K viewsedited  11:10
Ашу / Түсініктеме
2023-01-13 17:52:16 Президент Казахстана принял участие в виртуальном саммите «Голос глобального Юга»

Глава государства Касым-Жомарт Токаев по приглашению Премьер-министра Индии Нарендры Моди принял участие в виртуальном саммите «Голос глобального Юга», проходящем под девизом «Единый голос, единая цель».

В начале своего выступления Президент выразил благодарность Премьер-министру Нарендре Моди за приглашение принять участие в этом важном форуме. Он также поздравил Индию с началом председательства в «Большой двадцатке» (G20) в этом году и подчеркнул, что в Казахстане рассматривают это как заслуженное признание мировым сообществом глобального авторитета и влияния Нью-Дели.

Президент Касым-Жомарт Токаев заявил на сессии саммита, что происходящие мировые кризисные явления сдерживают согласованные в 2015 году меры, направленные на обеспечение устойчивого развития и борьбу с изменением климата. Он подтвердил приверженность Казахстана курсу на решение возникающих проблем путем налаживания диалога и поиска общих точек соприкосновения на глобальном уровне.

Обращаясь к участникам форума, Глава государства обозначил ряд приоритетных задач. В частности, он призвал все страны сконцентрировать усилия на достижении Целей устойчивого развития (ЦУР). Как было отмечено в выступлении, реализация ЦУР требует совместных усилий не только на уровне отдельных государств, но и на региональном и глобальном уровнях.

– Поэтому мы считаем важным создать в Казахстане Региональный центр ООН по ЦУР для Центральной Азии и Афганистана. Такой центр позволит обеспечить наиболее эффективную координацию проектной деятельности ООН в регионе, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

Президент Казахстана затронул проблему изменения климата. Он отметил, что температура в Центральной Азии повышается быстрее, чем в среднем по миру. За последние несколько лет в пяти странах центральноазиатского региона наблюдались сильные засухи. По его мнению, изменение климата требует более широкого международного взаимодействия и солидарности.

Касым-Жомарт Токаев также остановился на вопросах обеспечения водной безопасности. Согласно отчету ООН, в связи с изменением климата более 5 миллиардов человек могут столкнуться с нехваткой питьевой воды. Как считает Глава государства, дефицит воды и растущая нестабильность негативно влияют на обеспечение продовольственной, энергетической и экологической безопасности государств. Кроме того, усиливается экономическая и геополитическая напряженность и нестабильность. В конечном итоге все последствия могут оказать глубокое влияние на безопасность во всем мире, и особенно на Глобальном Юге, который становится все более подверженным засухам.

– Исходя из этого я предлагаю ввести систему исключительных прав и преференций для передачи водных технологий, которые будут способствовать рациональному и справедливому использованию водных ресурсов, – подчеркнул Глава нашего государства.

Президент заявил о том, что Казахстан и далее намерен использовать свой сельскохозяйственный потенциал для борьбы с глобальным дефицитом продовольствия. По его мнению, международная торговля продовольствием и удобрениями не должна подвергаться санкциям или иным ограничениям.

В этом контексте Касым-Жомарт Токаев поддержал призыв Премьер-министра Индии Нарендры Моди к деполитизации глобальных поставок продовольствия, удобрений и медицинских изделий.

Президент считает актуальным принятие новых совместных мер, направленных на уменьшение угроз пандемий и биологических рисков. В этой связи лидер Казахстана вновь напомнил о выдвинутой им ранее инициативе по созданию Международного агентства по биологической безопасности.

В завершение своего выступления Касым-Жомарт Токаев отметил, что Казахстан готов сотрудничать с партнерами в духе инклюзивности, многосторонности и доброй воли.

В саммите наряду с Президентом Казахстана также приняли участие главы ряда государств, представляющих Азию, Африку и Латинскую Америку.

t.me/aqorda_resmi
6.4K views14:52
Ашу / Түсініктеме
2023-01-13 17:52:06
t.me/aqorda_resmi
5.6K views14:52
Ашу / Түсініктеме
2023-01-13 17:51:57 Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты. Бұл жиын «Бір дауыс, бір мақсат» ұранымен өтті.

Президент сөзінің басында осы маңызды форумға шақырғаны үшін Премьер-министр Нарендра Модиге алғыс айтты. Сондай-ақ Үндістанды биыл «Үлкен жиырмалыққа» (G20) төрағалығының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанда Үндістан төрағалығын Нью-Делидің жаһандық беделі мен ықпалының әлемдік қоғамдастық тарапынан лайықты мойындалғаны деп қарастыратынын атап өтті.

Президент әлемде болып жатқан дағдарыстар орнықты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі 2015 жылы келісілген шараларға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өзара диалог пен жаһандық деңгейдегі ортақ мүддені іздеу арқылы туындаған проблемаларды шешуге ниетті екенін растады.

Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде бірқатар маңызды міндетке назар аударды. Атап айтқанда, Президент барлық елді Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды. Оның пікірінше, ОДМ-ды жүзеге асыру ісі жекелеген мемлекеттер деңгейінде ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де бірлескен күш-жігерді талап етеді.

– Сондықтан Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу қажет деп санаймыз. Мұндай орталық БҰҰ-ның өңірдегі жобалық қызметін барынша тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды. Мемлекет басшысы әлемдегі орташа деңгеймен салыстырғанда температура Орталық Азияда тез көтерілетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының бес елінде қатты қуаңшылық болды. Оның пікірінше, климаттың өзгеруі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуді қажет етеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. БҰҰ есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі салдарынан жер бетінде 5 миллиардтан астам адам ауызсуға зәру болуы мүмкін. Президент су тапшылығы мен тұрақсыздықтың белең алуы мемлекеттердің азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді деп санайды. Бұдан бөлек, экономикалық, геосаяси шиеленіс және тұрақсыздық күшейіп келеді. Түптеп келгенде, оның салдары бүкіл әлемдегі, әсіресе қуаңшылыққа жиі ұшырай бастаған Жаһандық Оңтүстіктегі қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін.

– Осыған байланысты мен су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалануға септігін тигізетін су технологияларын өзара бөлісу үшін айрықша құқықтар мен преференциялар жүйесін енгізуді ұсынамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы және басқа да шектеулер қойылмауы керек.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік, тыңайтқыштар мен медициналық бұйымдардың жаһандық жеткізу тізбегіне саясатты араластырмау жөніндегі Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің үндеуін қолдады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы пандемия қаупі мен биологиялық қатерді азайтуға бағытталған жаңа бірлескен шаралар қабылдау өзекті екенін жеткізді. Осыған байланысты Президент бұған дейін ұсынған Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құруға қатысты бастамасын тағы да еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстан серіктестермен инклюзивті, көпжақты негізде және ізгі ниет рухында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Азия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдің басшылары қатысты.

t.me/aqorda_resmi
5.9K views14:51
Ашу / Түсініктеме
2023-01-13 14:16:19 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды

Указом Главы государства прекращены полномочия депутата Сената Парламента Республики Казахстан Лукина Андрея Ивановича

t.me/aqorda_resmi
8.0K views11:16
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 16:18:09 Из доклада заместителя Премьер-министра – министра финансов Ерулана Жамаубаева, представленного Главе государства:

Рост ВВП составил 3,1%, объем инвестиций увеличился на 7,8%. Наблюдается положительная динамика по всем отраслям экономики.

Уровень производства в обрабатывающей промышленности вырос на 3,4%, в строительстве – на 9,4%, в сельском хозяйстве – на 9,1%.

Внешний товарооборот за 11 месяцев 2022 года вырос на 33,4%. Произошло значительное укрепление положительного торгового баланса. Экспорт обработанных товаров увеличился на 33,8% достигнув 24,1 млрд долларов.

План по доходам республиканского бюджета перевыполнен на 309 млрд тенге.

Президент был проинформирован о ходе разработки новых Бюджетного и Налогового кодексов, механизмах работы проекта «Нацфонд – детям», принимаемых мерах по возврату государству незаконно приобретенных и выведенных активов, а также о реализации положений закона о банкротстве физических лиц.

По поручению Главы государства средства, изъятые по коррупционным уголовным делам, направляются в «Фонд поддержки инфраструктуры образования». На текущий момент на специальном счете аккумулировано порядка 120 млрд тенге, которые будут использованы на строительство и ремонт школ.

По итогам встречи Глава государства дал ряд поручений, направленных на эффективное использование бюджетных средств, улучшение состояния государственных финансов, а также усовершенствование налогового и таможенного администрирования.

t.me/aqorda_resmi
8.8K views13:18
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 16:18:01
t.me/aqorda_resmi
7.6K views13:18
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 16:17:57 Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасынан:

Ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайызға жетіп, инвестиция көлемі 7,8 пайызға артқан. Экономиканың барлық саласы дамып келеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс деңгейі 3,4 пайызға, құрылыс көлемі 9,4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көрсеткіші 9,1 пайызға өсті.

Сыртқы сауда айналымы 33,4 пайызға өсті. Сауда балансы айтарлықтай нығайып келеді. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,8 пайызға өсіп, 24,1 миллиард долларға жетті.

Республикалық бюджеттің кірісі жөніндегі жоспар 309 миллиард теңгеге асыра орындалған.

Президентке Бюджет және Салық жаңа кодекстерінің әзірлену барысы, «Ұлттық қор – балаларға» жобасының жұмыс механизмдері, заңсыз иеленген және елден шығарылған активтерді мемлекетке қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заңның жүзеге асырылуы туралы айтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген қаражат «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» жіберіліп жатыр. Қазіргі кезде арнайы шотта жиналған 120 миллиард теңгеге жуық қаражат мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекет қаржысының жағдайын жақсартуға, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
7.5K views13:17
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 14:46:29
Аким Актюбинской области Ералы Тугжанов рассказал об основных тезисах своего доклада, представленного Президенту.

t.me/aqorda_resmi
14.7K views11:46
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 14:46:01
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Президентке жасаған баяндамасындағы мәліметтер туралы айтып берді.

t.me/aqorda_resmi
7.9K views11:46
Ашу / Түсініктеме