Get Mystery Box with random crypto!

Aqorda 🇰🇿

Арна мекенжайы: @aqorda_resmi
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 52.03K
Арнадан сипаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 130

2023-01-11 14:46:46
t.me/aqorda_resmi
3.8K views11:46
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 14:46:41 Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президентке – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қорғаныс министрлігінің былтыр атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп беріліп, осы жылға арналған жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери дайындықтың жай-күйі, Қазақстан армиясының құрамы мен құрылымын жетілдіру, жүргізілген жедел және жауынгерлік әзірлік шаралары жөнінде ақпарат берілді.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов былтыр Арнайы операциялар күштері құрылғанын, десанттық-шабуылдау әскерінің әлеуеті артып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты әскердің жауынгерлік әзірлік бағдарламасы қайта қаралды.

Мемлекет басшысына армиядағы жағымсыз жайттардың алдын алу, жастардың әскери борышын орындауға деген құлшынысын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру жөнінде қорғаныс ведомствосының қабылдап жатқан шаралары туралы мәлімет берілді.

Қорғаныс министрі Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жабдықтау, аумақтық қорғаныс әскерін дамыту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру және бітімгерлік мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде баяндады. Сондай-ақ пайдаланылмайтын әскери мүлік пен қару-жарақты жою шаралары туралы есеп берді.

Бұдан бөлек, Жоғарғы Бас қолбасшыға жауынгерлік әзірлікті шыңдау, кең ауқымды, соның ішінде халықаралық деңгейдегі әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қатысты биылға жоспарланған іс-шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери ортадағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ министрлікке еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру, мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанын сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
4.1K views11:46
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 09:01:54 Указами Главы государства:

Жигалов Константин Васильевич
освобожден от должностей Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Королевстве Испания, Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Княжестве Андорра, Постоянного представителя Республики Казахстан при Всемирной туристской организации по совместительству;

Тумыш Канат Кобыландыулы освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Южно-Африканской Республике.

t.me/aqorda_resmi
8.6K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 09:01:50 Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Константин Васильевич Жигалов
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

t.me/aqorda_resmi
8.5K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 08:59:43 Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Распоряжением Главы государства Тумыш Канат Кобыландыулы назначен заместителем Министра иностранных дел Республики Казахстан

t.me/aqorda_resmi
7.9K views05:59
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 08:57:35 Указами Главы государства:

Мусаев Данат Умирбаевич
назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Королевстве Испания;

Ахинжанов Еркин Кадырбекович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Южно Африканской Республике, он освобожден от должности Чрезвычайногои Полномочного Посла Республики Казахстан в Королевстве Норвегия;

Турсунов Адиль Капанулы назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Королевстве Норвегия, он освобожден от должности заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
8.5K views05:57
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 08:57:33 Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Данат Өмірбайұлы Мұсаев
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

t.me/aqorda_resmi
8.6K views05:57
Ашу / Түсініктеме
2023-01-10 12:02:54 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Указом Главы государства судья Конституционного Суда Республики Казахстан Нурмуханов Бакыт Маратович назначен заместителем Председателя Конституционного Суда Республики Казахстан

t.me/aqorda_resmi
771 views09:02
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 14:59:18 Глава государства принял управляющего международным финансовым центром «Астана» Рената Бектурова

Президент был проинформирован о планах МФЦА по развитию финансового рынка, рынков капитала и финансовых услуг.

В ходе встречи Касым-Жомарт Токаев поставил ряд задач по активизации работы международного финансового центра «Астана». В частности, поручено всесторонне содействовать в привлечении иностранных инвестиций, развивать новые финансовые инструменты и способствовать в устойчивом развитии экономики страны.

t.me/aqorda_resmi
807 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 14:59:13
t.me/aqorda_resmi
834 views11:59
Ашу / Түсініктеме