Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне ке | Aqorda 🇰🇿

Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

t.me/aqorda_resmi