Get Mystery Box with random crypto!

ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫН ӘР АНА БІЛУІ КЕРЕК. Қыз бала-бол | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫН ӘР АНА БІЛУІ КЕРЕК.

Қыз бала-болашақ ана! Жеке гигиенасын дұрыс сақтау- қыз баланың денсаулығының кепілі!

Қыз бала нәресте кезінен бастап, интимді гигиенасына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Жас нәрестенің жыныс ағзаларының анатомиялық ерекшелігіне байланысты инфекция енуі оңайласады. Сол үшін қыз баланың жеке тазалығына, жөргегін, жуынғыш заттарын, сүртінетін орамалын, іш киімін таңдауда аса көп мән береміз.

Қыз баланың жөргегі гипоаллергенді, іш киімі мақталы матадан жасалған, ауа өтіп тұратындай болуы керек.Өзіне кең болып тұрсын. Қыз бала киімін үлкендердің киімімен бірге жууға болмайды. Балаларға арналған жуғыш затпен, жеке жуу керек.

Кез-келген жастағы қыз бала әр үлкен дәретке барған сайын кіші дәрет алуы (жуынуы) тиіс. Себебі, үлкен дәрет қалдықтары баланың терісін тітіркендіреді, қызартады және үлкен дәреттегі бактерия (E.coli) зәр шығару тесігіне еніп, жоғары қарай жылжып, қуыққа, бүйрекке жетеді. Қуықта цистит, Бүйректің қабыну ауруына ұшырату қауіпі бар.

Қыз баланы жуындырған кезде, сол қолымызбен баланы ұстап, ішке қарай тартып ұстап, оң қолымызбен жыныс мүшесінен бастап, тік ішекке қарай бағыттып жуамыз .

Қыз баланы күнде ұйықтар алдын жуындырамыз. Су 37-38°С болуы керек. Жуынғыш заттар, сабын қолдануға болмайды.Ол заттар жыныс және зәр шығару мүшелерінің құрғап қалуына алып келеді.Баланың бұтын сүртуге арналған жеке арнайы орамалы болуы керек.Сүрткенде қатты ысқылап сүртуге болмайды, жарақаттап алуымыз мүмкін.

Жас нәрестенің жыныс мүшесіндегі үлкен ерінінде орналасқан майлы бөліндіні мақта тампонмен тазалап отыру керек.Ол бөлінді қышу сезімін беріп, ары қарай қабынуға әкелуі мүмкін.
Екі жөргек арасында 5 минут ауалы ваннада тынығуы тиіс.

Қыз бала өскен сайын онымен тығыз байланыста болып, жеке гигиенасын дұрыс ұстауын, қалыпты бөліндіні дұрыс қабылдауын, өзінен басқа адаммен іш киімін алмастырып кимеуін айтып түсіндіруіңіз керек.

Егер қызыңызда мына белгілер болса, дәрігерге жүгініңіз:
Жыныс мүшесінен өткір иіс болса;
Қанды, қоңыр сары бөлініс ;
Жыныс мүшесі айқын қызару-вульвит болса;
Синехия- жыныс еріндері жабысып қалса.

Қыз балаңыздың жеке гигиенасына жақсы көңіл бөлесіз бе?