Get Mystery Box with random crypto!

БАЛА ТҮҢГІ ҰЙҚЫСЫНДА НЕ СЕБЕПТІ ЖЫЛАЙДЫ? Осы сұрақ Аналар | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

БАЛА ТҮҢГІ ҰЙҚЫСЫНДА НЕ СЕБЕПТІ ЖЫЛАЙДЫ?

Осы сұрақ Аналар тарапынан жиі қойылады. Жауап беріп өтемін.

Бала ұйқысында әр түрлі себептерден жылайды:

Қарны ашу. 1 жасқа дейінгі балалардың негізгі асы ана сүті болған соң, қарны тез ашады. Түңгі уақытта қарны ашқаннан омырау сұрап жылайды. Ана сүті тез қортылады. Сол үшін, баланы ұйықтатар алдын емізіп жатқызған дұрыс.

Стресс. Баланың күндізгі уақытта қандай эмоциясы басым болды, ұйқысында сол эмоцияны шығарады. Мысалы, күндіз бала үшін стрессті жағдайлар орын алған болса, анасынан ажырап қалса, көбірек жылаған болса, ұйқысында да жылап көрсетеді.

Ұйқысы. Балалар беткей ұйқыдан, терең ұйқыға ауысар сәтінде оянып кетеді. Егер баланы қандай тәсілмен ұйықтатқан болсаңыз, терең ұйқыға ауысар сәтінде соны сұрайды. Мысалы, емізіп ұйықтатсаңыз, омырау сұрап
жылайды.

Температура. Бала үшін бөлме температурасы 22°С тан аспау керек. Егер бөлме тым ыстық немесе бала жаурап қалатындай салқын болса, бала түңгі ұйқысында мазасызданып жылайды.

Ауырсыну. 3 айға дейінгі балаларда іш ауруы болады. 1 жасқа дейінгі балаларда тіс шығуы кезде ауырсыну. Дене қызуы көтерілгенде, тамағы ауырғанда, іші ауырғанда бала түңгі ұықысында жылап оянады.

Ps. Ұлымның тісі шығып жатқан усқытында түнде дене қызуы көтеріліп жиі оянады.

Балапаныңыздың түнде жылап оянатын кездері бола ма?