Get Mystery Box with random crypto!

ЖӨРГЕК МӘСЕЛЕСІ КӨП АНАНЫ ОЙЛАНДЫРАДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН. Жөрг | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ЖӨРГЕК МӘСЕЛЕСІ КӨП АНАНЫ ОЙЛАНДЫРАДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.

Жөргек (подгузник)- заманауи аналарға көмекші, балаға да ыңғайлы, бала бұты үнемі құрғақ болып, әрі ойылудан сақтайтын ең қажетті зат. Әрине, егер сіздің таңдаған жөргегіңіз сапалы болса.

Осы мәселеде көптеген сұрақтар туады:

. Дәрігер ханым, сіз жөргекке қарсы емессіз бе?

Жауап:
Мен жөргекке мүлдем қарсы емеспін. Егер балаға сапалы түрін таңдап, кигенде ыңғайсыздық, аллергия тудырмайтын болса, Анасы екі жөргек арасын 3 сағаттан кем етпесе, екі жөргек арасында 10-15 минут тынықтырып тұрса. Все, ок! Кие берсін.
Дәлелді медицина базасында жөргектің зияндылығы жайлы дәлел ақпарат жоқ!

Жөргектен ұл баланың аталық безі ( машонка) қатты ысуы себепті, баланың болашақта ұрпақ көбейту функциясына әсер етпей ме?

Жауап:
Жоқ. Емшек жасындағы ұл балаларда репродуктивті (көбею) функциясына аталық безі ысып кету әсер етпейді.Себебі, ұл балаларда аталық безінде сперматогенді эпителий баланың пубертанттық жасында- 12-13 жасында қалыптасады.Сондықтан, болашақта ұл бала бедеу болады, қызтеке болады деген жорамал өтірік!

Неліктек жөргектен соң аллергия, ойылу болады?

Жауап:
Егер сіздің таңдаған жөргегіңіз сапасыз (подделка) болса, балаға лайық емес марка болса, әрине аллергия беруі мүмкін. Сол себепті, балаңызға сай болатын жөргекті анықтап, кигізіңіз.Ойылу себебі: егер жөргек
3 сағаттан артық уақыт бойы ауыспаса жөргекке нәжіс сіңбейді. Нәжіс құрамында аммиак, бала терісін тітіркендіреді. Сонымен қатар, егер жөргек кигізер алдын баланың бұтын жақсылап құрғатпасаңыз, ылғалды тері тез ойылады.

Жөргек кигізер алдын,баланың бұты құп-құрғақ болуы керек! Сонда ойылу, қызару болмайды.

Егер жөргек кигізбеймін, баламды туыла сала тосып үйретемін десеңіз, өте тамаша. Бірақ, баланың беліне күш түсірмейтіндей, баланың омыртқасын тік ұстаған бойда тосыңыз.

Жөргек кигіземін, мен нашар анамын демеңіз.Әркімге өз ыңғайы, дайын тұрған сапалы жөргегіңіз болып тұрса, неге кигізбеске.Уақыт үнемдейсіз, балаға да ыңғайлы!

Сіз жөргек кигізесіз бе? Қай марка жақсы?