Get Mystery Box with random crypto!

ЭНУРЕЗ- БАЛА ЗӘРІН КҮНДІЗ ЖӘНЕ ТҮНДЕ ҰСТАЙ АЛМАУЫ. БҰЛ ЖАҒДАИ | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ЭНУРЕЗ- БАЛА ЗӘРІН КҮНДІЗ ЖӘНЕ ТҮНДЕ ҰСТАЙ АЛМАУЫ. БҰЛ ЖАҒДАЙ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНДАҒЫ БІР АУРУДЫҢ КӨРІНІСІ БОЛУЫ МҮМКІН..

Энурез- балада күндіз және түнде зәрін ұстай алмауымен көрінетін жағдай. Балаға ұйқыда кіші дәретке бару сигналы келмейді.

Не себептен болады?

Энурез пайда болуы 2 жағдайда:
Біріншілік- туа пайда болады ( тұқымқуалаушылық);
Екіншілек - жүре пайда болған жағдай (белгілі бір ауру, травма, стерсс ).

Энурезге алып келетін жағдайлар:

Егер бала ауыр стресстік жағдайды басынан өткерсе. Отбасылық конфликтік (ұрыс) жағдайлар жиі орын алатын болса. Сонымен қатар әке-шешесі тазалыққа тым қатал қараса. Баланы горшокқа мәжбүрлі түрде үйрететін болсақ , бала зәр келу сигналын білмей қалады.Немесе, баланы уақытылы қадағалап кіші дәретке өздігінен баруды үйретпегенненде энурезге әкеледі.
Тұқымқуалаушылық жағдай. Әкесі немесе анасында болған болса балаға беріледі.Зәрді реттейтін антидиуритикалық гормонға қуық бұлшықеті сезімталдылығы нашар болғаны себепті зәрді ұстай алмайды.
Балада жүйке-жүйесінің аурулары, басынан травма алған жағдайлары болса. Орталық жүйке-жүйесі дұрыс дамымағандықтан, зәр келу сигналын басқара алмайды. Және қуықтың жүйке талшықтарымен нервтенуі бұзылысы болады. Қуық ештеңені сезбейді.
Балада жасырын немесе ашық зәр-шығару жүйесінде аурулары және тік ішекте проблема бар болса.

Не істейміз?

Баланы уролог, нефролог, проктолог, невропатолог мамандарына тексерту керек.
Осы жағдайға алып келген себепті анықтап, ем-шара жүргізеді.
Сізден көмек, балаға тек мейірім, комфорт силаңыз! Түнде жиі тосып тұруға да болады.
Магний тұзымен баланы аптасына 1-2 рет шомылдырсақ болады. Жүйкені тыныштандырғыш қасиетке ие.

Бала жатар алдын көөп мөлшерде су ішсе де түңгі зәрін ұстай алмауы мүмкін.

Баланың 5 жасқа дейін айына 2-3 рет түңгі зәрін ұстау алмауы энурезге жатпайды.Бұл жаста бала жүйке-жүйесі толық дамымаған. Сонда да, баланы жылы сөзбен кіші дәретке баруды 1 жас 6 айынан бастап үйреткен абзал! Одан ерте үйретсе, тіптен жақсы.Ең бастысы, балаға стресс алып келмейік!

Түңгі зәрін ұстай алмайтын балапандар барма сіздерде? Неше жаста?