Get Mystery Box with random crypto!

Ықылық тию - жиі кездесетін құбылыстардың бірі. Балалардағы | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Ықылық тию - жиі кездесетін құбылыстардың бірі.

Балалардағы ықылық тиюдің негізгі себептері:
Тағамды немесе сұйықтықты тез ішу. Ол кезде ауаны да бірге жұтады. Жұтылған ауа диафрагмаға(көкет) қысым көрсетіп, ықылық шақырады.
Баланы тамақтандырған соң, вертикальды қалыпта ұстамау. Яғни, "солдатик" қалпын сақтамау. Емізген соң да міндетті түрде тік ұстау керек. Сонда сүтпен бірге енген ауа да бірге шығады. Ол кекіру арқылы көрініс береді.
Тым көп тамақ беру. Бұл тек емізулі балаларда ғана емес, үлкен балаларда да себеп болуы мүмкін. Керілген асқазан көкетті қысып, ықылық шақырады.
Ашығу. Бала ұзақ уақыт аш қалса да ықылық тиеді. Емізген соң бірден тоқтайды.
Эмоциональды ықылық тию. Баланы тоқтаусыз ұзақ күлдірсе де, бала қатты жыласа да ықылық пайда болуы мүмкін.
Стресс. Үлкендер ғана емес кішкентайлар да стресс алады. Баланы қатты ұрысса, қорқытса т.б жағдайларда да ықылық тиюі мүмкін.
Жаурау. Ең жиі кездесетін себептердің бірі болып табылады десем қателеспеймін.
Егер бала жиі-жиі және созылмалы (20 минуттан көп) ықылық тисе, дәрігерге қаралғаны жөн. Ол жағдай асқорыту жолдарының ауруларына, паразитарлық инфекцияларға, ишек инфекцияларына, гиперқозғыштық, ағзадағы қабыну ауруларына, орталық жүйке жүйесінің ауруларына күдік тудырады. Телімдік педиатрыңызға барсаңыздар, невропатолог, гастроэнтеролог т.б қажетті маманына жібереді.

Еміне келетін болсақ:
Ең жиі қолданылатын әдіс - Қорқыту. Өзіміз де кішкентайымыздан ол сөзді естіп, көзімізбен көріп келеміз. Үлкендер бірден қорқыту керек деп айтады. Ол дұрыс емес! Ондай жағдайда ықылық ұстамасын одан да күшейтіп жіберу мүмкіндігі бар.
Ең дұрысы - біраз уақыт ембеген баланы емізу, су беру(жылы суды аз-аздан ішкізу керек), үлкенірек балаларда демді іште ұстау. Яғни, дем алып, сыртқа шығармай біраз шыдап тұру. Баланы қинауға болмайды. Қандай тәсіл тиімдірек болса, аналар оңтайлысын таңдау керек. Балаға бар мейіріміңізді бөліңіз. Ол оған мұқтаж! Бала - Алланың бізге берген аманаты. Ал, аманаттан бар жақсыны аямаңыздар. Мейірім көріп өскен бала, есейгенде де мейірімді болады. Балаларыңыз ауырмасын! Аман болыңыздар!