Get Mystery Box with random crypto!

Сүтті көбейту Алғаш рет ана атанған әйелдерден де, бірнеше | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Сүтті көбейту

Алғаш рет ана атанған әйелдерден де, бірнеше баласы барлардан да жиі еститін сұрағым: Лактацияны (сүтімді) қалай көбейтсем болады? немесе "Лактацияны көтеру үшін не істемедім? Лактацияны арттыратын шайлар іштім, жылы душ жиі қабылдаймын, дегенмен нәтиже "НӨЛ"!

Менің ойымша, бұндай шайлардың ПАЙДАСЫ ЖОҚ!

Пайдасын тигізетін бір ғана шай бар - ол сіз сүйіп ішетін қарапайым шайыңыз!
Өзіңізге ұнайтын шай сіздің көңіл-күйіңізді де көтереді, ал ол окситоцин мен пролактинге де әсер етеді де, сүтті көбейтпейді, жай ғана оның шығуын жеңілдетеді.

Егер сіз жиі емізбесеңіз, баланы дұрыс емізу білмесеңіз басқа ештеңе де көмектеспейді. Көкірек жиі босаған сайын, оған сүт толады. Сондықтан баланы қанша рет сұраса, сонша рет емізіңіздер.

Сонымен қатар, түнімен ембей ұйықтайтын балалар бар. Олар ұйықтады деп, рахат болды деп жатып алып ұйықтай бермей, арада емізіңіз! Алғашқы кезде балада болатын САРҒАЮДЫҢ жиі себебі де осы - қарны тоймау!
Тамақтануыңызды дұрыстаңыз. Құнарлы тағамдарды қабылдаңыз. Дұрыс тамақтану - бәрін шетінен опырып жеу деген сөз емес!

Лактацияны арттыратын шайлардың барлығының құрамында фенхель мен галег шөптері бар. Олардың нейротоксикалық әсері бар. Тіпті, анасы сондай шайларды тым көп ішіп, егіз балалары реанимацияға уланып түскен жағдайлар кездеседі.

Түсінер едім, егер Лактафитол, Лактагон, Бабушкино лукошко, Hipp Natal, Лактавит, Humana шайларын күніне 2 рет ішсе, ал кейбір аналар кәдімгі шай, судың орнына сыңқылдатып ішіп жатады. Сақ болыңыздар!

Пажитник деген шөп бар, қауіпсіз! Лактацияны арттырады, ғылыми зерттеулермен расталмаған. Тәжірибе жүзінде өте жақсы әсері бар екендігі анықталған.

Ал сіз лактацияны арттыратын шайларды қолданып көрдіңіз бе? Әсері қандай? Пайдасы тиді ме?