Get Mystery Box with random crypto!

Бала тікенегі деген не? 'ТІКЕНЕК' - нәрестенің арқасындағы те | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Бала тікенегі деген не?

"ТІКЕНЕК" - нәрестенің арқасындағы терісін жарып шыға алмай тұрған түк. Түк сыртқа шыға алмаған соң, тері астында өсе беріп, көсеу сияқты пішінге енеді де, баланың жанына батады. Сондықтан да "көсеу",- деп те аталады. Көбінесе, бала шалқасымен ұзақ жатқан кезде түктер түйіршіктеліп қалады. Бала туылғанда қызарып тұрады. Терінің қызаруы кеткеннен кейін, терінің сыртқы қабаты мен түктер түзіледі. Осы қабат "бала тікенегі",-деп аталады.
Тікенегі» бар баланың белгілері:
Бала арқасымен және жанымен жақсы ұйықтамауы;
Бала себепсіз көп жылауы;
түнде көп мазасыздану;
Қыбырлап бір орында жатпай қимылдай беру;
Арқасын, санның артқы, бөксесін бепантен т.б жақпамайлармен сипағанда баланың тітіркенуі;
Қолға "көсеу"(кочерга) сияқты батуы.

Тікенек көбінесе:
санның артқы жағы;
арқасында;
бөксе;
қолда болады.

Тікенек қандай қауіп тудырады?
Айтарлықтай қаупі жоқ. Дегенмен, баланың тыныш ұйықтауына кедергі келтіргендіктен, физикалық және психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бала мазасыз болғанына ана шаршайды. Енді ғана босанған ана үшін ол ДЕПРЕССИЯ! Неге жылайды? т.б сұрақтармен қиналып, ананың сүті шықпай қалуы мүмкін.
Бала тікенегін тазалаудан алдын шомылдыру керек. Ең оңай әдістері:
Ана сүтін арқасына сауып жайлап дөңгелектеп сипайды. Сол кезде тікенектер тері бетіне көсеу сияқты шығады. Ана сүтін сауғаннан соң, марли жауып соның үстінен уқаласа, тікенек марлиге жабысып қалады. Марли теріге жабысып тұруы керек. 3 минуттай уқалаған соң, марли 10 минутқа дейін тұра берсе болады. Компресс сияқты. Соңында тікенектер марлиге жабысып қалады.
Бепантен мазімен немесе мақта майын банкаға құйып, сыртынан 40 мин қайнатып сонымен жеңіл массаж жасағандай жайлап дөңгелектеп уқалау керек. Сол кезде тікенектер шығады. Суға ұн қосып, кішкентай қамыр жасап, домалақ пішіндегі қамырды тікенектердің үстін дөңгелектетесіз, тікнектер қамырға жабысып қалады немесе кішкентай қайшыны спиртпен өңдеп, сонымен кесіп алып тастауға болады. Бірақ, сақ болу керек!

Ескерту: Баланың арқасын 3 минуттан көп уқалауға, тікенегін шығаруға болмайды!
Тікенекті пинцетпен жұлуға болмайды!